Дәріс тақырыбы және тезистер



бет14/16
Дата11.11.2022
өлшемі84,76 Kb.
#49331
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Ә.Ермекұлының әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
2. Қазақ жоғары мектебіне арналған алғашқы математика оқулығына сипаттама беріңіз.
3. С.Боқайұлының әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
4. С.Боқайұлының математикалық мұралары.
5. И.Ақбергенұлының әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
6. И.Ақбергенұлының математикалық мұралары.

2

№ 14
дәріс

№14 дәріс. Әдістемелік-математикалық ғылымның 1940-1990 ж.ж. дамуы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. 1940-1970 ж.ж. математиканы оқыту әдістемесі.
2. 1970-1990 ж.ж. математиканы оқыту әдістемесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазан төңкерісінен кейін өскелең ұрпаққа білім беруге ерекше ұмтылыстың арқасында әлдеқайда күрделі бағдарламалар шықты. Осындай бағдарламалардың бірі – 1958 жылы жасалған «План занятий», онда математиканы тарауларға бөліктерге бөлмей, ортақ курс ретінде өткізу белгіленді. Осының негізінде қиын және күрделі алгебралық материалдар берілді. Мұны құрастырушылар арнайы оқу пәні – математиканың қажеті жоқ, математикалық білім, біліктердің комплексті игеруге арналған уақытты белгілеу керек деп түсінді. Оқушылардың математикалық білімді қолдану әдісін меңгеруі керек болды. Мектептегі білім көлеміне емес, материалды қалай қабылдау әдісіне ерекше көңіл бөлінді. Оқыту негізінде ескі оқулықтарды жамандап, жаңа оқулықтар шықты, олардың математикалық мазмұны өте кездегі болды, схема түрінде болды. Осы бағдарлама 1932ж. комплекс жүйесі кезінде қолданылды.
Мектептегі математиканың оқу пәні ретіндегі жағдайы, басқа пәндер сияқты ЦК ВКП(б)-ң 1931ж. 5 қыркүйектегі қаулысынан кейін өзгерді. Осының негізінде математикана мектептегі негізгі оқу пәнінің бірі құқығына ие болды. Қаулыға сәйкес мектеп математикасының жаңа бағдарламасы жасалды. Ол бағдарламаның негізгі ерекшеліктері: оқу материалдарын орналастырудың қатаң жүйесі; мектепте балаларға берілетін білімнің көлемі, мөлшері нақтыланды, әрбір оқу жылы бойынша математиканы теңбе-тең бөлу.
Кеңес мектептерінде әртүрлі есептерді арифметикалық тәсілмен шешуге бала назар аудару, бұған қоса ауызша есептеудің әртүрлі тәсілдеріне ерекше мән берілді. Арифметикалық материалдармен қоса, геометриялық материалдар тек практикалық міндеттерді шешу барысында енгізілді. Мысалы: тік төртбұрышты жер учаскелерін, олардың ұзындығын, енін өлшеуді формула бойынша периметрі мен ауданын есепте. Геометриялық фигуралармен таныстыру нақты түсінік қалыптастырумен ғана шектелді.
1931ж. қаулыдан кейінгі арифметиканың құрылысы мен мазмұны жоғарыдағыдай болды, ол 30 жылдай өзгерген жоқ (60 жылдарға дейін)
Арифметика курсына енгізілген материалдар оларды тек жеңілдету жағына қарай өзгертілді. Бірақ курстың негізіне, мазмұнына, жалпы бағытына, құрастыру жүйесіне әсер еткен жоқ. Оны олар балалардың осы жастағы ерекшелігіне қарау керек деп түсіндірді.
Осының негізінде математиканы оқытуда теорияны құрастыруға бастауыш мектепте толығымен қарсы шықты. Есептеу тәсілдері, арифметикалық амалдардың кейбір қасиеттерінен таныстыру, осының негізгі есептеу тәсілдері, көпбұрыштың түрлерімен таныстыру (тік төртбұрыш, шаршы) олардың арасындағы байланыс қарастырылмады. Бастауыш мектептегі арифметика мен алгебра элементтерінің арасын үлкенөтілмейтін қабырға бөліп тұрды. Арифметика қарастыратын мәліметтерді, заңдылықтарды әріптік белгілеумен өтілетін алгебраның материалы қарастырылған жоқ.Дәстүрлі бағдарламамен жұмыс істеу 4 жыл бойы қандай да бір теңсіздіктермен кездескенімен онымен байланысты жаттығулар болған жоқ. "Артық", "кем", "тең" қатынастары нақты зерттеуде салыстыру арқылы немесе әртүрлі өлшемдегі шамаларды салыстыру арқылы оқытылды. Сол қатынастарды оқыту негізгі міндет болған жоқ., теңдік, теңсіздік ұғымдары енгізілген жоқ, олардың қасиеттері тіпті айқын емес түрде де енгізілмеді.
ЦК ВКП(б)-ң 1931ж. 5 қыркүйектегі «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулысынан кейін кеңес әдіскерлері көптеген әдістемелік нұсқаулар жазды. Мысалы: И.Н.Кавун, Н.С.Попова «Методика преподавания арифметики в начальной школе» (1936ж.). В.Т.Снегирев, Я.Ф.Чекмарев «Методика арифметики» (1948ж.). Д.Л.Волковский «Методика арифметики в нач. школе» (1937ж.).
40-50 жылдары зерттеу эксперименттік материалға негізделген мүлдем жаңа сипаттағы әдістемелік жұмыстар шықты. Алдымен кейбір бағдарламаның тарауларына өзгерістер енгізу болады.
Ал әдістемелік зерттеулер оқытудың тиімділігін көтеру жолдарын терең іздестіру тек қана оқытушы емес, оқушының да іс-әрекеттерін, қателіктерін, қиындықтарын оқып-үйрену сипатында болды. Қиындық және қателік тудырудың алдын – алатын оқыту жүйесін жасауға ерекше көңіл бөлінді.Сонымен 60 жылдарға қарай математиканы оқыту процесін талдауға арналған психологиялық және әдістемелік еңбектердің бір-біріне жақындау қозғалысы басталды.
Жалпы алғанда, қазақ математика әдістемесінің 1940-1990 ж.ж. дамуы орыс математика әдістемесінің ықпалында болды. Математиканың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары, сондай-ақ әдістеме оқулықтары ретінде орыс тілінен аударылған кітаптар қолданылды. Орыс тіліндегі құралдарды аудару ісі жанданды, онымен айналысқандар - Б.Еркебаев, Р.Бөкейханов, А.Кемелұлы, М.Әмірбайұлы және т.б. Сонымен қатар ана тіліндегі төлтума әдістемелік-математикалық әдебиетті қалыптастыру бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылды. Осы кезеңдердегі қазақ әдістемелік-математикалық ғылымының көрнекті өкілдері О.Жәутіков, А.Собалақов, М.Исқақов, Ш.Омашев, А.Бидосов, С.Елубаев және т.б. болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет