Дәріс тақырыбы және тезистер



бет7/16
Дата11.11.2022
өлшемі84,76 Kb.
#49331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Ы. Алтынсарин математиканы оқытудың қандай әдісін қолдады?
2. Орыс-бұратана мектептерінде математиканы оқыту қандай оқулықтар арқылы жүзеге асырылды ?
3. ХХ ғ. басында Қазақстандағы жаңа әдісті мектептерде қандай оқулықтар пайдаланылды?
4. C.М.Граменицкийдің әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
5. Алғашқы қазақ әліппелеріндегі математикалық материалдарға сипаттама беріңіз.

2

№ 7
дәріс

№7 дәріс. Бастауыш қазақ мектебіне арналған математиканың алғашқы оқу құралдары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Ана тіліндегі алғашқы математика оқулығы
2.М. Дулатұлының «Есеп құралының» жаңа нұсқалары(1925-1928 ж.ж.)
3.Математиканың бастауыш қазақ мектебіне арналған алғашқы оқу бағдарламасы
4.Ғ.Бегалыұлы және оның бастауыш сыныптарға арналған математика оқулықтары
5.Авторлар ұжымы(Ә. Қасенұлы,т.б ) дайындаған «Есеп құралдары»


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Математикадан тұңғыш төл оқулығымыз «Есеп құралы» деген атпен 1914 жылы Орынбор қаласындағы «Дин уа мағишет» баспасынан 1-інші және 2-інші сыныптарға арналған оқу құралы түрінде,екі кітап болып басылып шықты.Авторы-Міржақып Дулатұлы. 1921-22 жылдары бұл оқулықтар қайта басылып шықты.1925 жылы ол «Есеп құралының» комплекстік оқу бағдарламасына негізделген жаңа нұсқасын бастырып шығарды. Бұл жаңа оқулық 1928 жылға дейін Қызылорда және Ташкент қалаларында барлығы 5 рет қайта басылып шықты,ал 1927 және 1928 жылдары олардың қырғыз тіліндегі аудармалары жарық көрді.Осылайша бұл оқулық қазақ және қырғыз мектептерінде математика пәнін оқытуда негізгі оқу құралы ретінде 1928 жылға дейін пайдаланылып келді.
«Есеп құралының» алғашқы нұсқасы есептер мен мысалдардың жинағы түрінде жазылған. Оның басты ерекшеліктері:
-өте жазумен жазылған;
- сандар күншығыс араб цифрларымен таңбаланған;
-оқу материалы концентрлік жүйемен орналастырылған(концентрлердің саны мен қарастырылу реті қазіргі оқыту жүйесіне сәйкес келеді,«бірінші ондық» концентрінен кейін іле дөңгелек ондықтардың оқытылуы ерекше назар аудартады)
-мұғалімге қажетті әдістемелік нұсқаулар да беріліп отырады;
-есептер мен мысалдар орыстың аса көрнекті математика әдіскері А.И.Гольденберг ұсынған амалдарды үйрену әдісіне негізделіп,әдістемелік ретпен орналастырылған.
М.Дулатұлы 1925 жылы «Есеп құралының» екі бөлімнен тұратын жаңа түрін жарыққа шығарды.Олар 1928 жылға дейін Орынбор және Қызылорда қалаларында барлығы 5 рет басылып шықты. Жалпы алғанда,оның төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
-ол комплекстік бағдарламаға ыңғайластырып жазылған;
-онда тек есептер пен мысалдар ғана қамтылмаған(арифметикалық материал үлестерге және бөлшектерге,сондай-ақ процентке байланысты материалмен толықтырылған, геометрия мен алгебраның қарапайым элементтері,шамалар және оларды өлшеу мәселелері де енгізілген);
-теориялық материалға айтарлықтай көңіл бөлінген;
-есептердің мазмұны бұрынғы басылымдардағыдан өзгертілген және есептерде халық шаруашылығының әр алуан салаларына байланысты сан мәліметтер кеңінен пайдаланылған;
-сол кездегі мектептің міндеттеріне сәйкес математиканы оқытуды тұрмыспен жанастыруға мейлінше күш салынған.
М.Дулатұлын отандық математика оқулықтары авторларының атасы, Қазақстанда математиканы оқыту әдістемесі ғылымының негізін салушылардың бірі деп кесіп айтуға болады.
Математикадан Қазан төңкерісінен кейін ана тілінде жарық көрген алғашқы оқу құралдарының тағы бірі «Есеп тану жобасы» деп аталады.Оның авторы-Кәрім Жәленұлы, әдіскер-математик,Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері.
Аталмыш оқу бағдарламасы туралы мынадай қорытынды жасауға болады: ол орыс мектебіне берілетін математикалық білім мазмұнын қазақ мектептеріне болжаммен,атүсті тасымалдай салмай,қазақ баласының ұлттық, психологиялық, т.с.с. ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған тұңғыш оқу бағдарламасы болып табылады. Бұл оқу бағдарламасы 1925ж. «Баштооч мектептерде эсеп үйретүүнүн жолу» деген атпен қырғыз тіліне аударылып, қырғыз мектептерінде де қолданылған. Қорыта айтқанда,К.Жәленұлы қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесін қалыптастыруда алдына жүйелі бағдарлама қоя отырып,төмендегідей проблемалық мәселелерді шешуді жүзеге асырды:
-бастауыш қазақ мектебі үшін халықтың тәлім-тәрбие ерекшеліктерін мүмкіндігінше ескере отырып,математика пәнінен өзіндік ұлттық мазмұн мен жаңа сипаттағы тұңғыш оқу бағдарламаларының бірі болып табылатын «Есеп тану жобасын» құрастырды;
-оның түсінік-хат сипатында әзірленген «Мұғалімдерге» атты бөлімін қазақ мұғалімдеріне арналған математиканы оқыту жөніндегі тұңғыш әдістемелік құрал деп бағалауға болады.
К.Жәленұлы қазақ мектебі мұғалімдеріне математика сабақтарында оқу үдерісін ұйымдастыруға,сабақ мазмұнын анықтауға және онда қолданылатын оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері мен оқыту құралдарын таңдап алуға және т.с.с. мәселелерге байланысты да құнды ой-пікірлер айтқан әдіскер. Демек,бұл жасалған тұжырымдар К.Жәленұлының Қазақстанда мектеп математикасын оқыту жөніндегі әдістемелік ғылымның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқандығын аңғартады.
Ғ.Бегалыұлының оқулықтары:
1)«Есеп құралы.Бірінші жылдық».–Қызылорда,1929.
2)«Есеп сабағы».–Қызылорда,1932.
Біріншісі қазақ мектебінің 1-сыныбына арналған.Жалпы алғанда, онда ұсынылған есептердің мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- олардың көпшілігі сол кездегі қазақ өмірі мен тұрмысынан алынуымен және мазмұндарының көбіне мал және егін шаруашылығына байланысты болып келуімен ерекшеленеді;
-көптеген есептер оқушының күнделікті тұрмыс тіршілігінен алынған,олар көбіне оқу,мектеп жағдайына байланысты болып келеді;
-1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес ойынмен байланысты есептерге де мол орын берілген;
-есептердің оқу бағдарламасына сәйкес жыл мезгілдеріне байланысты топтастырылып ұсынылуы да ерекше көңіл аудартады;
-сол кездегі заман талабына сәйкес сауда-саттық мәселелеріне байланысты есептер жиі кездеседі;
-автордың есептер құрастыруда олардың тәлім-тәрбиелік мазмұнына баса көңіл бөлетіні байқалады;
-сол кездегі қазақ арасына күштеп енгізіліп жатқан социалистік өмір-салт пен тұрмыс жағдайлармен байланысты есептер жиі кездеседі;
-есептердің мазмұнын саяси оқиғалармен(Октябрь төңкерісі,В.И. Лениннің қайтыс болған күні,қанды жексенбі,т.б.) байланыстыруға тырысушылық орын алғандығы аңғарылады.
Ғ.Бегалыұлының «Есеп сабағы» оқулығы 1932 жылы (ішкі бетінде 1931 жыл деп көрсетілген) Қызылорда қаласында Қазақстан баспасынан латын графикасымен басылып шыққан.Алғы сөзінде «ересектер мектебінің 2-оқу жылына,кешкі колхоз жастары мектебінің төменгі бөлімдеріне арналғандығы» және «бастауыш мектептің 4-інші жылдарында да пайдалануға болады деп ұйғарылғандығы» атап көрсетілген.
Оқулықтың басты ерекшелігі,кейбір математикалық материалдар комплекс тақырыптарының ішінде де кездесіп отырады.Тағы бір ескертерлік мәселе,оқулықта сол кезеңдегі математиканы оқытуды өмірмен,күнделікті тұрмыспен жанастыру талабын жан-жақты ескеруге күш салынған.Сонымен қатар социалистік тұрмыс-салтқа сәйкес колхоз бен совхоздардағы ауыл шаруашылық жұмыстарына,өнеркәсіпке байланысты есептерді шығаруға оқытып-үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.
1930-ыншы жылдардың басында бұрынғы оқулық авторларын Алашордашылар ретінде қудалау және олардың оқулықтарын мектеп тәжірибесінде пайдалануға тыйым салу қолға алына бастады.Дәл осы кезеңде «Есеп құралы» деген атаумен қазақ мектебіне арналып жазылған тағы да басқа көптеген төл оқулықтар жарық көрді. Олар бастауыш мектептің 1-3-cыныптарына арналған авторлар ұжымы жазған төмендегідей математика оқулықтары еді:
1)Қасенұлы Ә.,Баймырзаұлы С.,Жаманұлы А.,Рақыметұлы Ш. I жылдық есеп құралы.-«Қазақстан» баспасы,1932.
2)Рақыметұлы Ш.,Баймырзаұлы С.,Қасенұлы Ә.,Жаманұлы А. Есеп құралы. Бастауыш мектептің II бөліміне арналған.-«Қазақстан» баспасы, 1932.
3)Жаманұлы А.,Рақыметұлы Ш.,Қасенұлы А.I басқыш мектептің III бөліміне арналған есеп құралы.-«Қазақстан» баспасы,1932.
Бұл оқулықтардың мына сияқты жалпы ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
-1-сынып оқулығының көлемі 98 бет,ол төрт бөлімге бөлінген 13 та-қырыптан тұрады,барлығы 480 жаттығу қамтылған;
- 2-сынып оқулығының көлемі 186 бет,29 тақырыптан тұрады,барлығы 718 жаттығу қамтылған;
- 3-сынып оқулығының көлемі 105 бет,41 тақырыптан тұрады,барлығы 462 жаттығу енгізілген.
- оқулықтардың үшеуі де латын графикасымен жазылған;
- оқулықтарды бірнеше адамнан тұратын авторлар тобы дайындаған;
-қамтылған білім мазмұны бастауыш мектептің қазіргі математика оқулықтарына қарағанда әлдеқайда кең;
-бүгінгі күні қолданыстан шығып қалған математикалық терминдер жиі ұшырасады;
-материалды жүйелі түрде әдістемелік ретпен орналастыруға күш салынған;
-оқулықтарда сол кездегі әдістемелік-математикалық ғылымның талаптарына сәйкес,«Теріс емес бүтін сандар арифметикасы» ғана емес,«Бөлшек сандар арифметикасының элементтері»,«Шамалар және оларды өлшеу мәселелері», «Есептер және оларды шешу»,«Геометрия мен алгебраның кейбір элементтері» де қамтылған;
-қажет деп тапқан жерлерде,әсіресе 3-сынып оқулығында қысқа ережелер тұжырымдалып және олар ерекшеленіп беріліп отырады;
-бастауыш мектеп оқушысына түсінікті болу жағы мейлінше ескерілген, есептер қысқа,дәл және анық тұжырымдалған;
-есептердің мазмұнын сол кездегі қазақ өмірі және тұрмысымен жанастыруға мейлінше күш салынған;
-ауызша және шот қағып есептеулерге арналған арнайы тақырыптар енгізілген;
-көрнекіліктерді,сызба-иллюстрацияларды,кестелерді, т.б. пайдалануға мән берілген;
-оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытумен байланысты жаттығулар енгізілген;
-концентрлердің қарастырылу ретін анықтауда қазақ тіліндегі сан есімдердің жасалу ерекшелігі сақталмаған,яғни орыс бастауыш мектебіне тән ретпен «10 көлеміндегі сандардан» кейін бірден «20 көлеміндегі сандарға» көшу орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет