Дәріс тақырыбы және тезистер



бет4/16
Дата11.11.2022
өлшемі84,76 Kb.
#49331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Ұлықбектің және оның мектебінің әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
2. Жәмшид әл-Кәшидің әдістемелік-математикалық мұралары.
3. Қазы-заде Румидің әдістемелік-математикалық мұралары.
4. Әли Құсшының әдістемелік-математикалық қызметі.
5. Мейрам Шалабидің әдістемелік-математикалық қызметі.
6. Әл-Біржандидың әдістемелік-математикалық қызметі.
7. Математикалық білім берудің XV ғасырдан кейінгі Орталық Азиядағы жағдайына сипаттама беріңіз.

2

№ 4
дәріс

№4 дәріс. XIX ғасырға дейінгі Еуропадағы математикалық білім берудің жағдайы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Еуропада ондық позициялық санау жүйесіне негізделген математиканың таралуы.
2.XIX ғасырға дейінгі Ресейдегі математикалық білім берудің жағдайы.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Орта ғасырларда бүкіл Еуропаға жайылған христиан діні ғылым мен мәдениеттің дамуына мүдделі болмады, кейбір математикамен айналысқан адамдарды тірідей отқа жағу, олардың кітаптарына тыйым салу белең алды. Сондықтан ғалымдар математикамен айналысуға қорықты, ал кейбіреулер өзінің еңбектерін жасырын ұстауға мәжбүр болды. Алайда,уақыт өте келе шіркеу мен христиан дінбасылары білімді адамдардың керек екендігін түсіне бастады.Осының нәтижесінде олар шіркеу жанынан діни мектептер ашуға мәжбүр болды. Алайда шіркеу мәдениет пен ғылымның дамуына мүдделі болмағандықтан,бұл мектептерде математика пәнін оқытуға айтарлықтай көңіл бөлінбеді. Кейінірек олардың негізінде университеттер ашылды (Сорбонна,Оксфорд,Болонья, Падуа, т.б.). Оларда арифметика мен геометрияның бастамаларына мән беріле бастады.
Сауда-саттықтың дамуы нәтижесінде Еуропаның кейбір оқымысты-монахтары мұсылман математикасымен,әл-Хорезмидің еңбектерімен таныса бастады. Мұсылмандық Испанияға алғашқылардың бірі болып барған және кейінірек Сильвестр ІІ деген атпен Рим папасы болып тағайындалған француз оқымысты-монахы Герберт (940-1003) еді.
XII ғасырда әл-Хорезмидің математикалық трактаттарының латын тіліне аударылуы Еуропада ондық позициялық санау жүйесінің қабылдануындағы шешуші қадам болды.Осының нәтижесінде «әл-джебр» және «әл-Хорезми» сөздерінің латынша аудармалары ретінде ғылымда «алгебра» және «алгоритм» терминдері қалыптаса бастады. Жалпы алғанда,мұсылман математиктерінің қолжазбаларын оқып-үйрену мен латын тіліне аудару XII-XIII ғасырлардағы Еуропа ғылымын байытып қана қойған жоқ,бұл саладағы жұмыстар XVI-XVII ғасырларға дейін үздіксіз жүргізілді.
Батыс Еуропаның алғашқы математигі Л.Пизанский(1180-1240) болып табылады. Ол алғашқы болып, қазіргі цифрларға негізделген алғашқы математикалық еңбектер жазды.Л.Пизанскийдің осы кітаптарының негізінде тағы бірнеше кітаптар жазылды (И.Неморрарий, Н.Орем,Л.Пачоли).Алайда, соған қарамастан ортағасырлық Еуропа мектептерінде математикалық білім беруде әлі де болса үлкен қиындықтар орын алды.Мектептер мен университеттер негізінен алғанда,шіркеудің қоластында және ықпалында болды,ал дінбасылары әлем туралы ортағасырлық түсініктерді сақтап қалуға тырысты және математиканы оқыту үдерісіне ғылым мен мәдениет жаңалықтарын енгізуге жан-тәнімен қарсы болды.
XVI ғасырда Еуропа математикасында елеулі табыстарға қол жеткізіліе бастады. «Элементар математика дәуірі» аяқталып, математика ғылымының дамуы жаңа, «Айнымалы шамалар математикасының дәуіріне» көшуге бет алды. Бұл кезеңде мектептерде математиканы оқытудың әдістемелік мәселелері көтеріле бастады.Бұл жағдайлар математика әдістемесінің өз алдына жеке ғылым саласы ретінде пайда болуын жеделдете түсті.
Жалпы алғанда,Ресейде математика ғылымының пайда болуы мен математикалық білім беру жүйесінің қолға алынуы XVIII ғасырдан бастау алады,өйткені ондық позициялық санау жүйесі мен қазіргі цифрлардың негізіндегі орыс тілінде жазылған математика оқулығы 1703 жылы ғана басылып шықты.Көп уақыт бойына математика тұрмыстағы,сауда-саттықтағы,т.с.с. мәселелерді шешумен байланысты қолданбалы білім саласына жатқызылып келді,сондықтан математикаға мектептен өзіне лайықты орын берілген жоқ.
Ресейде математикалық білім беру ісінің дамуында XVIII ғасыр басында түбегейлі өзгерістер жасалды. Академиялық гимназияларға арналған бірнеше математика оқулықтары жазылды. Бұл кітаптардың барлығы XVIII ғасырдың екінші жартысы бойына математикадан Ресейдегі негізгі оқу құралдары болды.
Сонымен қорыта айтқанда,Батыс Еуропа мен Ресейде ХІХ ғасырға дейін математика оқулықтарын жазуда көптеген жұмыстар атқарылды. Математиканы оқыту ісінде негізінен алғанда,оқулықтың жүйесінде көрініс табатын әдістемелік қағидалар басшылыққа алынды.Математика оқулығы белгілі бір деңгейде оқытудың сипатын анықтайтындықтан, әдістемелік құралдың да қызметін атқарды.Сондықтан бұл кезеңде математика оқулықтарын жазуға басты назар аударылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет