Дәріс тақырыбы және тезистер


пайда болу көзі, тұтынушы, тарату ортасы және оны жеткізу



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата07.10.2023
өлшемі1,07 Mb.
#113338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
пайда болу көзі, тұтынушы, тарату ортасы және оны жеткізу 
құралдарымен 
сипатталады.
Пайда болу көзі (источник)
бұл жанды заттар, кез келген 
тасымалдаушыдағы құжаттар.
Тарату ортасы
- ол бізді қоршаған кеңістік пен техникалық байланыс құралдары 
(коммуникация).
Ақпараттың қол жетімділігін (доступность) қамтамасыз ететін құралдар
– бұл 
ақпараттық-іздеу жүйелері (АІЖ) және оларды лингвистикалық қамтамасыз ету.
Ақпаратты тұтынушы
– бұл жанды зат, техникалық құрылғылар, ақпаратты 
тасымалдаушы.
Ақпараттың қасиеттері
Ақпараттың бірқатар қасиеттері бар. Оны жүйелеу үшін ақпаратты бөлудің әртүрлі 
нұсқалары қолданылады.
Классификация (жіктеу)
– белгілі бір қасиеттеріне сәйкес нысандарды класстарға 
бөлу.
Адамның сезім мүшелерінің ақпаратты қабылдау тәсіліне сәйкес былайша жүйелеуге 
болады.
1-кесте. Ақпаратты қабылдау тәсілінің ақпараттың түрімен байланысы. 
 
Адамның сезім мүшелері
Ақпараттың түрі 
Көру 
Визуальді 
Есту
Аудиальді
Иіс сезу қабілеті
Иіс сезім
Дәм сезу 
Дәмдік
Ұстап көру
Тактильді 
Адам ақпараттың 75-90% көру мүшелері арқылы қабылдайды. 9–15% – есту мүшесі 
арқылы, ал қалған ақпаратты иіс сезу, дәм сезу, ұстап көру арқылы қабылдайды. 
Компьютерлік техникалық құрылғылар ақпаратты оның берілу формасы бойынша, 
яғни
мәтіндік, графикалық, сандық, дыбыстық, бейне (статикалық, 
динамикалық), мультимедиялық, сонымен қатар оптикалық, электромагниттік 
түрде қабылдайды.
Ақпарат мазмұнына қарай 
экономикалық, құқықтық, техникалық, әлеуметтік, 
статистикалық
және т.б. болып бөлінеді. Ақпараттың мазмұны оның мәнін 
анықтайды.
«
Ғылыми ақпарат
» (англ. “Scientific information”, SI) – ғылыми зерттеу 
процесінде алынған логикалық түрде ұйымдастырылған ақпарат. Ғылыми ақпараттың 
бір түрі ғылыми-техникалық ақпарат болып табылады.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет