Дәріс тақырыбы және тезистер


№5  дәріс  Виртуалдық және толықтырылған нақтылық құралдары. Цифрлық



Pdf көрінісі
бет13/34
Дата07.10.2023
өлшемі1,07 Mb.
#113338
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
лекции

 
№5 
дәріс 
Виртуалдық және толықтырылған нақтылық құралдары. Цифрлық 
робототехника

Осындай мультимедиа құралдарын білім беру жүйесінде қолдану қолданушы 
қабылдайтын ақпараттың мағынасы және қабылдау механизмін өзгертеді. 
«Виртуальды ақиқат» жүйелерімен жұмыс жасау кезінде, білім беруде ақпаратты 
қабылдау кезінде сапалы өзгерістер болады. Бұл жағдайда қабылдау тек көру және 
есту арқылы ғана емес, сондай – ақ сезу және иіскеу арқылы да жүзеге асады. 
Принципиалды жаңа деңгейде білім берудегі көрнекіліктің дидактикалық 
принципиптерін жүзеге асыруда сілтеулер пайда болады. Білім беруде мультимедиа 
технологиясына пайдаланудың кеңістіктік ойлауын дамытуда, нақты шындыққа 
максимал жақындаған жағдайда мамандардың машықтануын ұйымдастыруда маңызы 
зор. «Виртуал ақиқат» жүйесін медицинада хирургтарды күрделі операцияларды 
жүргізуге, ауруларды реабелитациялау мәселелерін шешуге үйрету үшін қолдануы таң 
қаларлықжүйе. «Виртуалды шындық» берген ақпаратты түсіну тек тоериялық емес
практикалық болуы да мүмкін, дәлірек айтқанда: көрнекті – бейнелі немесе көрнекті - 
әрекетті. Практикалық ойлау тоериялық ойлаумен салыстарғанда тырысуды аз талап 
етеді, ереже бойынша, бейнелік ақпаратты түсіну символдық ақпаратты түсінуге 
қарағанда жеңіл. Виртуал ақпарат технологиясын пайдаланып құрылған электрондық 
басылымдар мен ресурстар оқыту үдерісінде оқу метериалын жақсы түсіну және 
меңгеруді қамтамасыз ете алады. Бірақ, виртуалды шындық жүйесінің деңгейі қанша 
жоғары болған сайын, оларды жасауға сонша көп еңбектену керек, педагогтар мен 
оқушыларға берілетін ақпараттанудың техникалық құралдарының мінсіз болуы тиіс.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық 
бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы 
құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. 
Елде 3D- принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді 
денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы 
салаларды дамыту керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция 
элементтерін жаппай енгізуге бағытталуы тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, 
жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа да міндеттер» деген 
болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет