Қоғамды ақпараттандыру – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті
тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интелектуалды
түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті
процесс.
Сонымен, индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту басталды.
Индустриалдық қоғам – бұл өнеркәсіптің белгілі бір деңгейімен, оның техникалық
базасымен анықталатын қоғам.
Ақпараттық қоғам – бұл жұмыс істеушілердің көпшілігі ақпаратты өндіру, сақтау,
өңдеу, сату және алмасумен айналысатын қоғам.
Қоғамды ақпараттандыру – бұл қоғамда кез келген адамның қажетті ақпаратты алу
мұқтаждығын қанағаттандыруға жағдай жасалатын үдеріс.
Ақпараттық қоғамның материалдық және технологиялық базасы – компьютерлік
техника, компьютерлік желі, ақпараттық технология, телекомуникациялық
байланыстар базасындағы әртүрлі жүйелер болып табылады.
Ақпараттық қоғам дамуының негізгі критерийлері:Компьютерлер; Компьютерлік
желілердің даму деңгейі Ақпараттық мәдениетті, яғни ақпараттық технология аумағы
бойынша білім, біліктілікті меңгеру
№ 2
дәріс
Ақпараттық мәдениет ұғымы және оның компоненттері. Заманауи цифрлық технологиялар және оларды білім беруде пайдалану Ақпараттандыру қазіргі ақпараттық технологияларды ғылым мен бүкіл қоғамдық
өмірге енгізу және үнемі жетілдіріп отыру деп айтуға болады. 1990 жылдары жалпыға
қолжетімді интернеттің пайда болуы бұл үдерісті күшейтіп, қоғамды ақпараттандыру
мемлекеттік тұрғыда осы 1990 жылдан бастап қолға алына бастады.
Білімді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық
мақсатына жету үшін білім саласында бар білімді жүйеге келтіріп және жаңа білімді
қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау және тарату құралдары
мен технологиясын қолдануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық қызметінің
аумағы.
Ақпараттық технологияларды қазіргі заманғы білім жүйесінің әр түлі саласына енгізу
барынша ауқымды және кешенді сипат алуда.
Білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді