Дәріс тақырыбы және тезистер


Білімді ақпараттандырудың жағымды және жағымсыз жақтары



Pdf көрінісі
бет8/34
Дата07.10.2023
өлшемі1,07 Mb.
#113338
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
лекции

Білімді ақпараттандырудың жағымды және жағымсыз жақтары 
Оқу мекемелерінің педагогикалық және ұйымдастыру қызметтерінде ақпараттық 
технология құралдарын қолданудың мәні мынада:
 

Білім беру мазмұнын іріктеу мен қалыптастыру әдістері мен технологиясын 
жетілдіру; 

Информатика мен ақпараттық технологияларға байланысты арнайы оқу пәндері мен 
оқыту бағыттарын енгізу және дамыту; 

Информатикамен тікелей байланысы жоқ дәстүрлі пәндерді оқытуға өзгерістер 
енгізу; 

Оқытудың даралау мен саралау деңгейін көтеру арқылы оның тиімділігін арттыру; 

Оқыту үдерісінде өзара іс-әрекеттестіктің жаңа формаларын ұйымдастыру және
педагог мен оқушының іс-әрекетінің мазмұны мен сипатын өзгерту; 

Білім жүйесін басқару механизмін жетілдіру. 
Білімді ақпараттандыру үдерісі пәндік аумақ пен қоршаған ортаны танудың 
заңдылықтары интеграциялық тенденцияларын негізге ала отырып, оқушының жеке 
тұлғасын дамытуда ақпараттық технологияның потенциалын қолдану тәсілдерін 
жасауды өзектендіреді. Бұл үдеріс оқушының белсенділігін арттырады, оқытылатын 
нысан, құбылыс, үдеріс және олардың арасындағы байланысты модельдеу негізінде 
олардың жеке ойлау қабілеттерін, оқу және практикалық есептердің шешімін табу 
стратегиясын жетілдіреді. 
Оқытудың барлық түрлерінде қазіргі заманғы білімді ақпараттандыру құралдарын 
қолдану бірқатар жағымсыз жайттарға әкелуі мүмкін: 
-
Білімді ақпараттандыру құралдарын қолданып оқытудың 
жағымды
жақтарының бірі - 
оқытуды жекешелендіру
болып табылады. Мұның жағымды 
жағымен қатар ең басты 
жағымсыз жағы 
– 
жекеше оқыту
оқу үдерісінде оқушы мен 
мұғалімнің арасындағы және оқушылардың өзара бір-бірімен арасындағы «тірі» 
байланысқа шектеу қойылуы, яғни байланыстың «компьютермен сұхбат» түрінде 
болуы. Бұл оқушы практикада жеткілікті түрде сұхбаттаса алмайды, кәсіби тілде өз 
ойын айта алмауына соқтырады.
-
Тағы бір 
жағымсыз жағы,
білім берудің барлық түрлерінде әлеуметтік өзара 
іс-әрекет, өзара байланысу практикасының қысқаруы 
Оқыту жүйесіндегі ақпараттан өз бетімен кәсіби іс-әрекетке, яғни оқулық, дисплей 
экранында және т.б. беттерінде білім беру түрінен - белгілік жүйеден прниципті түрде 
басқа логиканы, яғни белгілер жүйесін ұйымдастыру - практикалық әрекет жүйесіне 
өту қиындығын тудырады. Бұл алған білімді практикада қолдану, ал психология 
тілінде – ойлаудан әрекетке өту проблемасы, яғни классикалық проблема болып 
табылады,
-
Тағы бір 
жағымсыз жағы
, педагог пен оқушыға ақпаратты іздеу мен 
қолдануда берілетін еркіндік деп айтуға болады. Бұл оқушыны оқытылатын 
материалдың әр түрлі сәйкессіздігіне алып келеді. Оқу ақпаратын берудің сызықты 
емес құрылымы оқушыны ұсынылған сілтемемен, оқу материалының баяндалу 
шегінен шығып кетуіне жол береді.
Электрондық анықтамалықтар, энциклопедидар, Интернет-порталдар сияқты
ақпараттандыру құралдарының көмегімен берілетін ақпараттар көлемі оқыту 
барысында оқушылардың назарын басқа мәселеге аударуы мүмкін.
Адамның ақпаратты есте сақтау мүмкіндігі шектеулі, адам бірмезгілде жеті ойлау 
категориясын есте сақтап, оны қорыта алады. Оқушыға бір мезгілде әртүрлі типті 
ақпарат демонстрация жасалса, ол маңызды ақпаратты жіберіп алып, бір типті 
ақпаратпен шұғылданып кетуі мүмкін. 
Көп жағдайда оқушылардың нақты тәжірибені қолымен жасап көру мүмкіндіктерін 
шектейді, ол оқыту нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді.
Сонымен қатар көптеген ақпараттандыру құралдарын қолдану білім беру үдерісінің 
барлық қатысушыларының денсаулығына кері әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет