Дәріс тақырыбы және тезистер


Біріншісі – АКТ қолдану негізінде білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата07.10.2023
өлшемі1,07 Mb.
#113338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
лекции

. Біріншісі
– АКТ қолдану негізінде білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру

Екіншісі
– ақпараттық қоғамның қоятын талаптарына қанағаттандыратын жаңа типті 
ойлайтын мамандарды дайындау сапасын арттыру.
Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі бағыт бойынша (басқарылатын және 
басқарылмайтын) жүзеге асады. 
Басқарылатын білімді ақпараттандыру 
ұйымдасқан үдеріс сипатында болады және 
материалдық ресурстармен сүйемелденеді. Оның негізіне көпшілікпен негізделген 
тұжырымдамалар мен программалар жатады. 
Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру 
білім жүйесі қызметкерлерінің 
бастамасымен іске асырылады және білім қызметінің неғұрлым өзекті салалары мен 
пәндік аумақтарды қамтиды. 
 
Практикада білімді ақпараттандыруда арнайы жасалған, білімді ақпараттандыру 
құралдары деп аталатын компьютерлік аппараттық және программалық құралдарды 
қолданбау мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру құралдары 
деп білімді ақпараттандыру мақсатына жетуде 
қолданылатын компьютерлік аппараттық және программалық қаматамасыз ету, 
сонымен қатар олардың мазмұндық толтырылуын атаймыз.
Білімді ақпараттандыру информатиканың дәстүрлі оқу курстарын, оқыту әдістері, 
ақпараттандыру құралдары мен технологияларын қайта қарастыруды талап етеді. 
Информатиканың әдістері мен құралдарының көмегімен болашақ маман қандай 
ақпараттық ресурстар бар, оларға қалай қол жеткізуге болатынын, өзінің кәсіптік 
қызметінде оларды қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап ала алады.
Өкінішке қарай, көпшілігі білімді ақпараттандыру деп тек оқу үдерісіне АКТ-ны 
енгізу деп есептейді. Бұл шындығында да, білімді ақпараттандырудың маңызды 
бағыты болып табылады. Бірақ, АКТ тек қана оқу үдерісіне ғана емес, білім беру 
мекемелерінің барлық салаларына кеңінен енгізілуде.
Білімді ақпараттандырудың бағыттары мыналар: 
-
АКТ-ны оқу үдерісіне енгізу; 
-
Білімді бақылау мен бағалауды ақпараттандыру; 
-
Ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулерде АКТ-ны қолдану; 
-
Оқушылар мен студенттердің сабақтан тыс әрекеттерінің тиімділігін арттыруда 
қолдану; 



-
Әртүрлі білім беру бағыттарын басқаруда; 
-
Әкімшілік іс-әрекетте АКТ-ны пайдалану;
-
Білім мақсатындағы ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды жасау, сараптан 
өткізу және оны тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау;
-
Білімді ақпараттандыру құралдары мен технологияларын жасау мен оны 
пайдаланушы жоғары кәсіби мамандарды дайындау
-
Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет