Дәріс тақырыбы және тезистер


Құрмалас сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі



бет11/15
Дата14.10.2023
өлшемі41,54 Kb.
#114331
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
5. Құрмалас сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі.
Құрмалас сөйлем -функциональдық стильдердің барлык саласында кездеседі, коммуникативтік және эстетикалык қызметімен стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығын көрсетеді.Құрмалас сөйлемдерді қолдану-кітаби стильдің айрықша белгісі. Ауызекі сөйлеу стилінде синтаксистік ерекшелік ретінде жақсыз, толымсыз сөйлемдерді қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері өте жиі байқалады. Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас түрлері кітаби стильде кеңінен қолданылады. Зерттеушілер таза құрмалас салалас сөйлем сабақтаспен салыстырғанда сирек қолданылады деген пікір де айтады. Мысалы: Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізіледі және басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Ғылыми, публицистикалық, ресми стиль мәтіндерінде алынған факті, бакылау, зерттеу шешімдерін суреттеуде салалас құрмалас сөйлемге жүгінеді. Өзінің стилистикалық бай мүмкіндіктерін көрсетуде сабактас құрмалас сөйлемдер кітаби стильдің кез келген түрінде ұшырасып отырады. Құрмалас сөйлемдер күрделі мағыналық және грамматикалық қарым-қатынасты беруге өте бейім болып келеді әсіресе ғылым тіліне тән. Ғылыми стильде олар белгілі тезисті толық нақты құруды ғана көрсетпейді, белгілі аргументті бекітуді кездейді, ғылыми негіздеме жасайды.
Ресми стильде кұрмалас сөйлемдер міндеттілік стилистикалық категорияны айқындайды.Көркем әдебиет стилінде сейлемнің образдылық бейнелілік түрлерін "автор образы" стилистикалық категориясы береді.Құрмалас сөйлемдердің стилистикалық бағасы қай стильде қандай дәрежеде кәріне алатындығына қысқаша тоқталсақ, ғылыми стильде шартты және себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер көп қолданылады.Ресми стильде анықтауыш қатынастағы шартты бағынынқылы сабақтас сойлемдердің қолданылуы ғылыми стильден кейін тұрады. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер ресми стильдің заң саласына қатысты мәтінде жиі байқалады.Сабақтас кұрмалас сөйлемнің түрлері әр стильде әр түрлі мағыналық-стилистикалық реңк алып отырады. Мысалы, шартты бағыныңкылы сабақтас көркем әдебиет стиліне қарағанда публицистикалық стильде жиі көрінеді. Синтаксис - ойлау формасының күрделі құрамы, сондықтан мәтінде құрмалас сөйлемдердің көп құрамды түрлері жиі кездеседі. Кейбір мәтіндерден жарты беттік, ширек беттік бір сөйлемді кездестіруге болады. Бұл ерекшелік, әрине, біріншіден, жеке функциональдық стильдердің өзіне тән синтаксистік ерекшеліктері, сөйлемдердің стильдердегі аткаратын қызметінің әлеуеттілігіне тікелей катысты, екіншіден, бір беттік сөйлемдердің кездесуі авторлық ойлау формасының жеке стильдік мәнеріне де тікелей қатысты.Құрмалас сөйлемдер барлык стильдерде, өздері колданылатын стильдерде әр түрлі функция атқарады:
-сөйлемнің интонациялык-ырғақтык қарым-қатынасын реттейді;
-сөйлемдегі айтылатын ойдың қарама-қарсылығын күшейтуді мақсат етеді;
- сөйлемнің "қисынды жүйелілікке" құрылған типтерінен қызығушылық тудыра отырып, хабар беру үшін де қолданылады;
- жеке субъектінің көзқарасын береді;
-көркемдік-бейнелілікті суреттейді.
Нүкте үтір - таңба әр түрлі синтаксистік блоктардың бөлініс кызметінің шекарасын айкындайды, бірақ олар бір ғана фразада көріне алады, берілген сөйлемдердің әркайсысы семантикалық-стилистикалық мағынаға ие болады. Нүкте-үтір синтаксис конструкциялардың аяқталғанын білдіреді, бірақ ол әлі толық аякталмағанын да көрсетіп тұр. Оның реттеуші сипаты басым болып келеді, сондықтан өзінше стильдік мәнер түзеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет