Дәріс тақырыбы және тезистер



бет13/15
Дата14.10.2023
өлшемі41,54 Kb.
#114331
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2

12
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Ауызекі сөйлеу стиліі мен ресми-іс қағаздары стилі.
1. Ауызекі сөйлеу стилі.
2. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері.
3. Ресми-іс қағаздары стилі.
4. Ресми стильдің қолданыс аймағы, стильдік белгілері, түрлері.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Оның қолданыс аймағы мен қызметі. Ауызекі сөйлеудің әдеби, әдеби емес түрлері, стильдік белгілері.
Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стиліне қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие сөздер тән. Ауызша сөйлеу оның синтаксистік құрылымына да әсер етеді: толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады. Функционалды-тілдік құралдардан оған нақты мәнге ие сөздер, етістіктің нақ осы шақ тұлғасы т.б. тән.
Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі колданылады.Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстың, күнделікті карым-катынас тілі болса да, функциональдық стильдердің негізгі жүйесін құрайді Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста жұмсалады.Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды кажет етеді. Мысалы айтушы ыстық десе, тыңдаушы шөлдедің бе деп айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады. Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің кызметімен карым-катынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
- бейресмилік;
- сөйлеудің еркінділігі;
- сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
- тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
- сөйлеудің автоматтығы;
-сөйлеудің мазмұны:
-диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ресми-іс қағаздары стиліндегі жанрлық-ситуациялық стильдер, олардың бір қалыпқа түсу (стандарттану) дәрежелері. Ресми-іс қағаздары стилінің тілдік белгілері.Стильдің функционалдық белгілеріне қарай бес түрі: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысының стилішілік тармақтарға жіктелуі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет