Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объект болу себебін түсіндір.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Функционалды стилистика.
Функционалды стильдер және олардың топтастырылу мәселесі.
Дәрістің мазмұны: Функционалдық стиль түрініңәрқайсысыныңөзіне тән стильдік белгісі болады. Стильдік белгі дегеніміз – белгілі бір функционалдық стильдің даралығын, басқа стильдерден өзгешелігін танытатын қасиеті. Мысалы, көркем әдебиет стиліне тән ерекшелік – сөздің бейнелілігі, эстетикалыққуаты. Ғылыми тілге тән басты белгі – сөздің дәлдігі, нақтылығы. Функционалдық стильдерге қойылатын белгі кейде бірнеше түріне ортақ болуы мүмкін. «Қазақәдеби тілініңәрбір функциональдық стиліөзіндік ерекшеліктерге ие. Осы ерекшеліктері арқылы олар бір-бірінен дараланады.
Әр стильдіңөзіндік белгілерін, қасиеттерін, ерекшеліктерін танып, білудіңқазақ тілінде ерекше мәні бар. Әдеби тілдің функционалдық стилдерінің тығыз байланыста болуы, олардың саралануының кейіннен пайда болған құбылыс екенін растайды. Бұл байланыс бір функциональдық стильге тән амал-тәсілдің екінші бір функциональдық стильде қолданылуынан, бір функиональдық стильдің екіншісіне әсер етуінен, соның нәтижесінде әдеби тілдің стильдер жүйесінің дамуынан байқалады. Бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екіншісіне ауысып, өнімдіқолданылуы стильаралық диффузия деп аталынады».
Стилистикалық норма – қолданыс тіліне қойылатын барлық функионалдық- стилистикалық талаптардың жиынтығы.
Сөз қолданудағы стильдік нормаға сай емес қолданыстар стильдік қателер деп танылады. Орынсыз қолданылған, бұзып айтылған әрбір сөз немесе сөз тіркесі стильдік қатеге жатады. Сөйлем ішінде бір сөздің немесе сөз тіркесінің орынсыз қайталануын да стильдік қате деп танимыз.