ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Оқытушы: PhD., қауымд.проф. Бөкен Г.С.
ДӘРІС №13
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898)
шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі
ХІХ ғасыр әдебиетінде есімі ерекше аталатын «терең ойлы шындықты ту еткен»
шайырлардың бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы –
Сырдария өзенінің бойында, бұрынғы Қызылқұм
ауданы, қазіргі
қазіргі Шымкентке қарасты
«Қожатоғай» қаракөл қой совхозында
1835
жылы дүниеге келген. Он төрт жасында ата-анасынан айырылып,
өмір тауқыметін ерте
көтереді. Күн көріс қамымен қаралы жандарға жоқтау шығарып, ел арасында ән айтып жан
бағады, нағашысы
Мәделіқожаның тәрбиесінде болады. Майлықожаның бойындағы сөз
өнеріне деген бейімділікті байқаған Мәделіқожа оны қасынан тастамай ертіп жүреді. Әкесі
көзінің тірісінде баласы Майлықожаның
арабша сауатын ашады.
Кейін келе шығыс
әдебиетін оқиды. Майлықожаның қандай да бір өлеңін оқысақ ескіше араб сөздерін
кездестіреміз.
Ақын өлеңдері 1917 жылғы революцияға дейін жарық көргені мәлім.
Майлықожа Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны
қазақ тіліне аударып,
діни
қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зарқұм» үлгісінде
«Абдолла бала»
жырын шығарған.
«Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған. Майлықожаның кейбір
толғаулары баспа бетін ерте көрген. Түркістан мұғалімдер
семинариятының оқытушысы
Я.Я Лютш құрастырып 1883 жылы Ташкент қаласында басылған
«Қырғыз
хрестомастиясы» атты жинақта, Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады.
Олар:
«Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады.
Райымқұлдай мансапқорларды қатты сынаған. «Ноғай мырзалар» деген ұзақ толғауында
оны адал болуға, адамгершілікке шақырады. «Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі
тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды. Бұл жинақ Түркістан
аймағын
мекен еткен қазақ халқының әдеби фольклорлық танымының нұсқасы болып табылады.
Майлықожаның әдеби мұрасын
жанры мен
мазмұны жағынан ТӨРТ