Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау

бет9/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Қоздырушысы - Erysipelotrix insidiosa - жiңiшке тiк немесе аздап иiлген қозғалмайтын, үлкендiгi 1,5 х 0,2 –03 мкм, граммен оң боялатын спора мен капсула түзбейтiн таяқша. 700С ыстық 5 мин өлтiредi, кептiргенде 30 тәулiк етті қуыру, бұқтыруда тіршілігін сақтайды, ыстаған шошқа етінде – 90 тәулік, тұздалған етте – 170 күнге дейiн тiршiлiгiн сақтайды. Суыққа төзiмдi. Тiке түскен күн сәулесi 12 тәулiкте өлтiредi. Суда, топырақта, нәжiсте айлап жатады. Дезинфекциялық заттардың (күйдiргiш натр, формалин, хлорлы әк т.б.) әсерiнен тез өледi.

Сояр алдындағы диагностика. Ауру жiтi (тiлме қағындысы), жiтiлеу немесе терiсiнiң зақымдануы (есекжем) және созылмалы түрiнде кездеседi. Соңғы түрi алдыңғы екi түрлерiнiң жалғасы. Жiтi түрімен ауырған малдың қызуы 42С дейiн көтерiледi, салғырт, басын төсенiш астына сұғады, денесi дiрiлдейдi, терiсiнiң жұқа жерлерiнде көк түсті немесе қызыл теңбiлдер, бармақпен басқанда кетiп қалады. Артқы аяқтарының күшi кемiп, қозғалғысы келмейдi, көздiң дәнекер қабығы қабынады, аузынан сiлекей ағады. Аурудың созылмалы түрiнде терiсi өлiеттенедi де (некроз), оған варикозды эндокардит қосылып жүрегi қабынады, буындары iсiп, ақсайды.

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Терiсi мен шел майында күлдiреуiкке айналған қызыл дақтар байқалады. Талақ, бауыр, бүйректерi қанталап, қанға толады. Жүрек қабығы қан тамырларында фибриндi теңбiлдер байқалады. Ұша қан тамыры қанға толады. Лимфа түйiндерi (әсiресе басының) ұлғайған, қанталаған. Өкпесi iсiнiп, қей жерлерi қабынған. Жүрек етi божыраңқы. Он екi елi iшек пен аш iшектiң шырышты қабықтары қанталап, бет жақтарын шырыш басқан (әсiресе тiлме қағындысында).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет