Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау



бет10/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Санитариялық бағалау. Осы айтылған аурулармен (листериоз, тілме) ауырған мал еттерiн шикiлей шығаруға рұқсат етiлмейдi. Азғындаған (дегенерация) немесе етiнен патологиялық (бiтеу жара т.б.) өзгерiстер табылған ұшаны утильге (қайта өңдеуге) жiбередi. Ұша мен органдарында патологиялық өзгерiстер болмаса, оларды пайдалану жолдары сальмонеллаларға бактериологиялық тексеру (листериоздан басқасы) жүргiзгеннен кейiн шешiледi. Егер етi мен органдарынан сальмонеллалар табыла қалса, органдарын утильге жiбередi немесе жояды, ал ұшасын пiсiргеннен кейiн шығарады немесе ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Сальмонеллез табылмаған ұша, шпик және органдарды пiсiрген, ысталып-пiсiрген шұжықтар мен ет консервiлерiн дайындауға немесе пiсiруге жiбередi. Тiлме мен листериоз ауруларында еттi пiсiрген шұжық, пiсiрiп ыстаған төстiк дайындауға рұқсат етедi. Патологиялық өзгерiстерi бар органдарды, iшектердi және қанды, сондай ақ листериозбен ауырған малдардың бастарын утильге жiбередi.

Лейкоз - (Leucosis) - қан түзгiш ұлпаның уытты iсiгi. Сойыс малдарынан лейкозбен көбiнесе iрi қара ауырады. Жылқыда өте сирек кездеседі. Лейкоз адамға да қауiптi. Қоздырушысы - РНК-ы бар С типтi онкогендi вирус. Вирус сыртқы ортаның әсерiне төзiмсiз, 60С ыстықтықта 1 мин iшiнде өледi, күйдiргiш натрдың 2-3% ерiтiндiсi, формалин ерiтiндiсi және басқа да дезинфекциялық заттардың әдеттегi қолданылып жүрген концентрациясы лезде өлтiредi. Сүттi 74С қыздырғанда 17 сек өледi.

Сояр алдындағы диагностика. Көпшiлiк жағдайда лейкоз жасырын түрiнде өтедi, сондықтан да ауруға диагноз қою оңайға түспейдi. Көбiне алқым, шықшыт, жұтқыншақ жанындағы, мойын үстi, шап және желiн үстi лимфа түйiндерi зақымданып, ұлғаяды (үлкендiгi жаңғақтайдан баланың басындай көлемге дейiн жетедi). Малдың жалпы күйi төмендейдi, тез болдырады, ас қорытуы және оны сiңiруi нашарлайды, әукесi, бауыры жағы және желiнi iседi.

  • Сояр алдындағы диагностика. Көпшiлiк жағдайда лейкоз жасырын түрiнде өтедi, сондықтан да ауруға диагноз қою оңайға түспейдi. Көбiне алқым, шықшыт, жұтқыншақ жанындағы, мойын үстi, шап және желiн үстi лимфа түйiндерi зақымданып, ұлғаяды (үлкендiгi жаңғақтайдан баланың басындай көлемге дейiн жетедi). Малдың жалпы күйi төмендейдi, тез болдырады, ас қорытуы және оны сiңiруi нашарлайды, әукесi, бауыры жағы және желiнi iседi.
  • Сойғаннан кейiнгi диагностика. Аурудың алғашқы кезеңінде патологиялық өзгерiстер қан түзетiн органдарында (лимфа түйiндерi, көк бауыр, жiлiк майы) болады. Көк бауыры шектен тыс ұлғаяды. Iрi қара малда оның массасы 18-40 кг, ал шошқада 5 кг дейiн жетедi. Консистенциясы қатты, тiлген жерiнiң беткі жағы бұжыр, ақ-сұр түстi, қанталаған, өлiеттенген (некроз). Бұндай некроз көк бауырмен қатар жүректе және пышақпен тiлгенде, қойдың құйрық майына ұқсап, басқа органдарында да кездеседi, өкпе мен желiн сирек зақымданады, бiрақ бронх пен көкiрек қуысы арасы және желiн үстi лимфа түйiндерi жиi зақымданады. Бауыры диффузиялық зақымданғанда тым ұлғайған, күйрегiш және сынғыш келедi. Шошқаның жүрегiнде өзгерiстер сирек байқалады. Бүйректерi жиi зақымданады, үлкейедi, массасы 8-18 кг, диффузиялық зақымданғанда қыртыс қабатында ақ-сұр түстi қойдың құйрық майына ұқсас көптеген қанталаған түйiндер кездеседi. Iшек-қарын мүшелерiнен көбiнесе ұлтабар, кейде iшектерi зақымданады. Сiрi қабықтарында қалыңдығы 6-8 см түйiндi және диффузиялы лейкемиялық iсiктер байқалады. Күйсеу қызметiн атқаратын бұлшықеттерi, бауыр мен диафрагма көк еттерi, төс еттерi, божыраған, ашық-қызыл түстi, сары немесе ақшыл. Еттi тiлгенде құйрық майы тәрiздес лейкемиялық өсiндiнi және азғындағанын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет