Дәріс тақырыбы: ЖҰҚПАЛЫ АУРУМЕН АУЫРҒАН ЖАНУАРЛАР ҰШАСЫ МЕН МҮШЕЛЕРІН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ Дәріс мақсаты: Адам және жануарлар ауыратын аурулар кезінде жануарларды, өнімдерімен шикізаттарын ветеринариялық - санитариялық бағалауға машықтану Ситуациялық сұрақтар: Антропозоонозды ауруларда жануарлар мен өнімдерін, олардың шикізаттарын түрлі аурулар барысында ветеринариялық санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар
Жануарлардың антропозоонозды аурулары кезінде жануарлар, өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық санитариялық бағалау
Антропозоонозды ауруларда жүргізілетін шаралар
Әдебиеттер: 1 Жумагелдиев А.А., Ромашев К.М., С.Қырықбайұлы «Ветеринариялық санитариялық сараптау» оқулық, Алматы 2018ж. 2 С.Қырықбайұлы, Т.Телеуғали «Ветеринариялық санитариялық сараптау» практикум, Алматы 2017ж. 3 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар». Астана 2015ж.
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының қауым.профессоры в.ғ.к., А.А.Жумагелдиев
Лептоспироз - (Leptospirosis) - табиғи ошақты жұқпалы ауру. Көбiнесе iрi қара мал, сирек жылқы, қой, бұғы, кемiргiштер, ит пен мысық ауырады. Адам да ауырады. Мал залалданған азық пен су арқылы ауруға шалдығады. Адам сойыс малының өнiмдерi арқылы және ауру малмен жанасқанда ауруға шалдығады. Аурудың қоздырушысы спирохет тұқымына жататын шиыршықталған жiп тәрiздi микроб. Ленптоспирозға жас мал ерекше сезімтал келеді. Шошқа лептоспирозының негізгі қоздырушылары L.pomona және L.tarassovi, сиырда - L.hebdomadis, L.pomona, L.grippotyphosa, L.tarassovi, қой мен ешкіде - L.grippotyphosa, L.pomona, L.tarassovi және L.hebdomadis болып саналады. Тiке түскен күн сәулесi 1,5-2 сағат, 0,25% формальдегид, 0,1% тұз қышқылы -5 мин кептiргенде құрғақ топырақта -30 мин – 12 сағат өледi, батпақты ағынсыз суда 10 тәулік, өзен суларында 20 тәулік, нәжісте – 24 сағат, ылғалды топырақта 43-279 тәулік, ет-сүтте -8-24 сағ. сақталады. Төменгi температураға төзiмдi. Қоздырушы ауру малдың, қаны, бауыры және бүйректерiнде болады. 4,8% тұзы бар тұздалған етте 10 тәулiктен, ал 800С ыстықтықта 2 сағаттан кейiн өледi.