Дәріс Тақырыбы: Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі. Математикалық есептердің функциясы. Математикалық есептердің классификациясы. Математикадан деңгейлік есептер жүйесі. Мектеп математика есептерін шешуге үйрету


Математикалық есептердің практикалық маңыздылығы



бет3/6
Дата13.03.2023
өлшемі189,5 Kb.
#73921
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 1-3

Математикалық есептердің практикалық маңыздылығы Математикалық есептердің оқытудағы практикалық маңыздылығы оқушылардың болашақтағы қызметіне дайындығына қажетті алған білімдерін практикалық қажеттіліктеріне қолдану болып табылады. Математикалық есептер физика, химия, биология, электро-радиотехника және т.б. кездеседі. Оқушыларға математиканы оқыту кезінде пәнаралық (физика, химия, география және т.б.) байланыстары бар есептерді, сонымен қатар техникалық және практикалық мазмұнды есептерді де ұсынған жөн. Математикалық есептердің ойлауды дамытудағы маңыздылығы Математикалық есептерді шығару барысында алғы шарттар мен қорытынды, берілгендер мен ізделінді, жалпы және дербес ұғымдарын ажыратуды, сәйкестендіру мен қарсы қою фактілерін үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлаудың ерекше стилі: пайымдаудың формалді-логикалық үлгісін ұстану, ойды ықшамды жеткізу, ойлау ретін нақты бөліктеу, символдардың нақтылығы қалыптасады.

Математикалық есептердің тәрбиелік маңыздылығы Математикалық есептердің тәрбиелік маңыздылығы есептің мәтіні, мазмұнымен тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, математикалық есептерді шығаруды оқыту жалпы оқыту процесінде іске асады. Математикалық есептерді шығаруды оқыту жүйесін дұрыс орнату оқушыларды адалдық және шынайылыққа, қиындықтарды жеңуде табандылыққа, жолдастарының еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелейді. Білім берудегі есептердің функциялары Ю.М. Колягиннің, Е.И. Лященконың, В.И. Крупичтің, И.Б. Бекбоевтың, В.А. Гусевтің, Г.В. Дорофеевтің, А.Е. Әбілқасымованың, К.И. Нешковтың және т.б. әдістемелік еңбектерінде көп көңіл бөлінген. А.Е. Әбілқасымованың «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі: дидактика-әдістемелік негіздері» оқу құралында оқытудағы математикалық есептер білім беру, тәрбиелеу, дамыту және бақылау функцияларын атқаратыны көрсетілген. Барлық есептер білім беру функциясын орындайды, өйткені оқушылар математикалық есептерді шығару барысында білім алады, олардың есептерді шығару біліктігі мен дағдысы қалыптасады, жалпы алғанда математикалық білімі артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет