Дәріс тақырыбы: Негізгі, күрделі әріп элементтері



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі25,05 Kb.
#50178
  1   2
Байланысты:
Негізгі, күрделі әріп элементтері.


Дәріс тақырыбы: Негізгі, күрделі әріп элементтері.

Көркем жазудың мақсаты


Жазуды үйретудің әдістері
Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер тобын жазып бер.
Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер тобын жазу.
Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
Көркем жазу әдісі - тікелей жазу тарихымен байланысады. Ежелден адамдар өз ойын келер ұрпаққа жеткізу үшін тасқа, металға, ағашқа, саз балшыққа жазған екен. Одан кейін папирус, пергамент, матаға, қағазға жазатын болды. Жазу қарулары да өзгерді. Олар қамыс ағаш, бояу жаққыш, қаздың қауырсыны, болаттан жасалған қалам ұш, шарик қаламсабы болды. Болаттан жасалған қалам ұш 19 ғасырдың басында пайда болғанымен оны пайдалану ғасырдың екінші жартысында пайдалана бастады. Ал қаздың қауырсыны жазуға әдемілік береді, әрі арзан, әрі ыңғайлы деген ойлар 19 ғасырдың аяғына дейін жетті. Шрифт қиын болғандықтан жазу, 1Петрдің кезінде жеңілдетілді. Мектептерде жазуды оқыту арнайы пән болып кірді. Көркем жазу пәнінің ең маңыздысы жылдам әрі әдемі жазу болып табылатын. 20 ғасырдың басында жазу шрифтін жеңілдету туралы тағы әңгіме көтерілді.
Өткен ғасырдың 70 жылдарында ғана мектепке арналған жазу шрифті қабылданды. Бұл шрифт арнайы шарик қаламсабына арналған, салмақ салмай, қаламсапты дәптердің бетінен алмай, жылдам жазу. Өткен ғасырдан бастап оқушылардың отыруына да гигиеналық талаптар қойыла бастады. Профессор Ф. Эрисмонның мектеп партасы ең ыңғайлы болып табылады деген. Ендігі басталған дискуссия жазу жөнінде болды. Әріпті түзу салу керек пе, әлде қиғашынан салған жөн бе? Кейбір елдерде түзу жазғанды жөн көрді. Әріп анық түседі, ірі қитар балалар саны азы болады деп есептеді. Түзу жазудың өмірі ұзаққа бармады. Қиғашынан жазу әрі тез, әрі ыңғайлы деп табылды. Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың түсуі.
Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыру, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптер де жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпты 5 минут, 2 сыныпта8 минут, 3 сыныпта 12 мин, 4 сыныпта 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т. б ұғымдарды меңгереді.
Жазуды үйренуде мына

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет