Дәріс Тақырыбы: Қоршаған орта сапасының нормативтері. Мақсаты: Қ



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі22,38 Kb.
#131914
1   2   3
Байланысты:
5121642265693 Дәріс 1 Экологиялық нормалау және сараптама

2. Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер
Қоршаған ортаның сапасының нормативтері табиғат жүйелерін,өсімдіктер мен жануарлардың және басұа организмдердің табиғи жағдайын бағалауға белгіленеді.Оның құрамына табиғи ортаның химиялық және физикалық,радиоактивтік,биологиялық нормативтері кіреді.Нормативтер белгіленгенде жер ауданының,су айдынының,табиғи және табиғи-антропогендік нысандардың,ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың,табиғи ландшафтардың ерекшеліктері ескеріледі.Қоршаған ортаның тазалық нормативтері:санитарлық-гигиеналық,санитарлық қорғау,экологиялық жүйелеріне бөлінеді.

Санитарлық-гигиеналық нормативтер-ластаушы заттардың ауада, суда, топырақта,зиянды физикалық әсерлерінің-шуыл, тербеліс, электромагниттік және радиоактивті сәулелердің,микроорганизмдердің адам организміне қазірге кезде және болашақта зиянды әсер ерпейтін мөлшері,сондай-ақ улы заттардың дозалық шамасы.

Санитарлық қорғау нормативтері-адамның денсаулығын,ішетін судың,тағамдардың тазалығын қорғауға қорғауға арналады.

Экологиялық нормативтер-антропогендік әсерлердің табиғи ортаға залал келтірмейтін шегін,табиғат жүйелерін қорғау талаптарын белгілейді.Кейбір тірі организмдер табиғи ортаның тазалығына адамнан да сезімтал.Сондықтан экологиялық нормалар олардың қалыпты жағдайда тіршілік етуін ескеріп қабылданады.

3.Табиғи ортаның сапа нормативтері оның жұтаңдамауын,экологиялық байланыстардың бұзылмауын,табиғат ресурстарының қалпына келуін, молаюын көздейді.Бұл нормативтер белгілі табиғат кешеніне антропогендік әсерлердің ғылыми дәлелденген шегі болып табылады. Табиғи ортаға әсерлердің жол берілетін нормативтері территориялар мен айдындардың табиғи ерекшеліктерін, оның сапасын бүлдірмеуге белгіленеді. Олардың қатарында:
-шығарылымдар мен тастаулардың және микроороганизмдердің риялды нормативтері;
-өндіріс және тұтыным қалдықтарын шығару және орналастыру нормативтері;
-физикалық әсерлердің (жылудың, шуылдың, тербелістің, йондаушы сәулелердің деңгейі, электромагниттік өрістің және өзге) риялды нормативтері;
-қоршаған ортаға антропогендік әсерлердің риялды нормативтері.
Шаруашылық және өзге әрекетердің салдарынан белгіленген риялды нормативтен артық қоршаған ортаға әсер еткендер келтірген зиянына байланысты заңдарға сәйкес жауап береді.
Шығарылымдар мен тастаулардың және макроорганизмдердің риялды нормативтері әсер етуші әрбір тұрақты,жылжымалы және басқа көздерге белгіленеді.

Өндірістік-шаруашылық нормативтері-кәсіпорындардың өндірістік және өзге әрекеттердің табиғи ортаға әсерлерінің шегін белгілейді.Бұл жүйеге технологиялық,қала құрылыстық,рекреациялық және т.б. шаруашылық нормативтері кіреді.

Технологиялық нормативтер-зиянды заттарды ауаға шығару,су нысандарына төгу,жерде орналастыру, отын жағуды жол берілетін шекті шамалары.Олар әрбір ластаушы көзге технология мен техникаға сүйеніп белгіленеді және өндіріс түрімен,ластаушы заттардың сипатымен байланысты болады.

Құрылыс және қала құрылысы нормативтері-қалаларды және басқа елді мекендерді жоспарлау,жобалау және салу кездерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белгіленеді.

Рекреациялық нормативтер табиғат кешендерін пайдалану шектерін белгілейді.

Өндіріс және тұтыным қалдықтарының нормативтері табиғи ортаға зиянды әсерлерді болдырмау үшін белгіленеді.

Табиғат ресурстарын табиғи ортадан алу нормативтері олардың шектеулігіне байланысты табиғат нысандарын сақтау,сарқылтпай пайдалану,экологиялық жүйелердің тұрақтылығын сақтау мақсатында белгіленеді.Табиғат ресурстарын реалды пайдалану нормативтері арнайы заңдарға (жер,су,орман,өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау,жер қойнауын қорғау,атмосфера ауасын қорғау,қоршаған ортаны қорғау және т.б) анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет