Қолданылатын әдебиеттер: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық / М.Ә. Бөлешов.- Алматы: Отан, 2019.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасына әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсері: оқу құралы / С.А. Ерманова.- Қарағанды: Ақ Нұр, 2016.
Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. С.О. Ордабеков. 2012
Жас ерекшелік психологиясы. Ұ.И. Ауталипова. 2017.
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.М. Маусумбаева. 2017.
Жалпы физиология. М.Н. Мырзаханова, Н. Мырзаханов. 2019.
Дәріс 10. Дәріс тақырыбы: Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі, жасқа және байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
2.Тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің, өкпенің тіршілк сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің жасқа сай өзгерістері.
3.Тыныс алу мүшелдері мен дауыс аппаратының гигиенасы.
Тыныс алу – организмнің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі. Ол сыртқы орта мен организм арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Тыныс алу организмде бір мезгілде өтетін, бір-бірімен тығыз байланысқан үш процестен тұрады. Бұл сыртқы немесе өкпе тынысы, ішкі тыныс алу, газдардың қанға өту процесі. Сыртқы тыныс алу дегеніміз - өкпе түйіршіктерінде жүзеге асатын атмосферадағы ауа мен қанның газ алмасуы болып табылады. Ішкі тыныс алу – бұл ұлпалар мен қандағы газ алмасуы, нәтижесінде ұлпалар жаңа заттарды алып, қажет еместерінен айырылады. Оны ұлапалардағы тыныс алу деп атайды. Тыныс алу мүшелерімен иіс сезу, дауыс және сөз құрау қызметтері тығыз байланысты. Тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары ауамен бірге енген бөгде заттардан қорғайды. Мұрын арқылы тыныстау тазалықтың кепілі, жұтылған ауа мұрын қуысында жылынады, бөгде заттарды ұстап қалады, ылғалданады.
Тыныс алу деп ауадн оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысқан көптеген процестерді атайды. Тыныс алу негізінен 5 кезеңнен тұрады:
Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру.
Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеола) газдар мен қан құрамындағы газдардыңғ алмасуы.
Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағысымен тасымалдануы.
Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы.
Ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. (бұл биохимиялық процес).
Тыныс алу мүшелері: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек (трахея), бронхылар, өкпе. Көмекей – 4-6 мойын омыртқаларының тұсында орналасқан, бір-бірімен буындар арқылы байланысқан шеміршектерден құралады. Көмекейдің ортаңғы бөлігінде екі түп қатпарлы бар жоғарғысы қарыншалық және төменгісі дауыстық. Дауыстық қатпарлар көмекейдің кеніресінен едәуір шығып тұрады. Олардың кілегейлі қабықшасының астында дауыс желбезектері мен дауыс бұлшықеттері орналасқан, ол бұл қарыншалық қатпарда болмайды, сол себепті оларды жалған желбезектер деп атайды. Екі дауыстық қатпардың арасында көмекейдің шіңішке бөлігі дауыс қуысы орналасқан. Дауыс қатпары 1 жасқа толғанша және мутация кезеңінде қарқынды өседі. Көмекей 3 қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныш, дауыс құрау. Тыныс алу кезінде ол ауа өткізгіш қызметін атқарады. тарамдала бөлініп, қан тамырларына және жүйкелермен өкпеге ұласады. Тыныс алу актісі өзара алмасып тұратын екі фазадан – тыныс алу (инспирация) және тыныс шығару (экспирация) тұрады. Жаңа туған нәрестенің алғашқы тыныс алуы бірқатар факторлардың нәтижесінде организмнің өзеріске ұшырауына байланысты: планцетарлы қан айналудың тоқтауы және жаңа туған нәрестенің қанында көмір қышқыл газының жинақталуы; ол тап болған ауа ортасының анағұрлым төмен болуы, ауа атмосферасы қысымының анағұрлым жоғарғы болуы. Тыныс тарту бұлшықеттері жиырылу арқылы кеуде қуысының көлемін кеңейтеді де, тыныс жолдары, ауа түйіршіктері ауаға толады, оның химиялық құрамы тыныс алу процесін ұдайы өзгертіп отырады. Тыныс алу актісі – бұл қабырға аралық бұлшық еттер жиырылуының белсенді процесі. Сыртқы бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс алуды, ал ішкі бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқа қабырға аралық бұлшықеттері бөлек тыныс алу актісіне диафрагма, ал тыныс шығару актісіне кеуденің көлденең бұлшықеттері қатысады. Тыныс алу кезінде қабырғаның көтерілуі есебінен кеуде қуысының көлемі көлденең және алға, артқа қарай, желбіршектердің төмен түсуі нәтижесінде жоғарғы жаққа қарай ұғаяды. Бұл кезде көк ет қуысының қысымы төмендейді, өкпе көлемі ұлғаяды да атмосфералық ауа түйіршіктерге еркін енеді. Терең тыныс алу актісіне кеуде қуысы қоршап тұрған барлық бұлшық еттер: кеуденің үлкен, кіші, арқаның тіс тәрізді, аса жалпақ және ұзынша бұлшықеттер қатысады. Тынысалу тыныс шығаруға ұласады да, нәтижесінде қабырға аралық бұлшық еттер босаңсып, кеуде қуысы төмен түседі, өкпе ұлпасы қысылып, түйіршіктерден, кеңірдек тарамдарынан, түйіршік қуысынан ауаны шығарады. Бұл жағдайда өкпе ұлпа серпінділігі мен кеуде қуысының көлемінің кішіреюінің арасан зор маңызы бар. Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының көлемінің өзгеруіне қарай тыныс алудың 3 типі болады: кеуделік, қарындық, аралас немесе кеуделі-қарындық. Жаңа туған баланың тыныс алуы қарындық тыныс, 7 жасар баллада тыныс алудың кеуделік типі байқалады, 10 жастан бастап тыныс алудың жыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ұл балаларда қарындық типі орныға бастайды. Тыныс алуды жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшықеттерінің бір минута жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Жаңа туған бала минутына 40-60 рет тыныстайды, төменгі сынып оқушылары 22-20, 12 жаста – 18, жоғарғы сынып оқушылары нормаға жақын – минутына 16 рет тыныстайды. Тыныс алудың тереңдігі организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Ол бір тыныс алу кезеңінде өкпеге келіп түскен ауаның мөлшері арқылы анықталады. Өкпенің бір минуттағы ауа айналымы немесе бір минуттық көлемі деп бір рет тыныс алу көлемінің бір минута жасалған тыныстау жиілігіне қатынасын атайды. Мысалы, ол 5 жасар баллада – 6400 мл тең. Ересектерде 6000-8000 мл, әйелдерде 5000 мл.