Дәріс 1. Тақырыбы: Педагогика ғылым ретінде
Қарастырылатын сұрақтар:
Педагогика ғылымының даму кезеңдері
Педагогиканың пәні, объектісі, негізігі категориялары
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымдарының жүйесі және оның мазмұны
Педагогика ғылымының даму кезеңдері
1. Педагогика сөзі гректің «Paidos»- бала , «ago» жетелеу деген сөзінен шыққан. Сөзбе- сөз аударғанда бұл ежелгі Грециядағы ауқатты адамдардың балаларын жетелеп жүрген құлды айтқан. Біртіндеп педагогика сөзі кең мағынада «баланы өмірге жетелеуші», яғни тәрбиелеуші, оқытушы деген мағынаны білдіріді.
Педагогика- адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым. Педагогика ғылымының негізіг функциясы: тәрбие, оқыту, білім беру туралы заңдылықтарды, принциптері, формалары мен әдістерін анықтау, солардың негізінде , мақсатқа жетудің негіздерін анықтау.
Педагогика жеке ғылым саласы ретінде философиялық ғылымдар жүйесінен ХVІІ ғ. бөлініп шыға бастады. Ағылшын философы, жаратылыстанушысы Френсис Бэкон (1561- 1626) 1623 ж. «Ғылымның қадір қасиеті және жетілуі» атты трактатында ғылымдарды сарапқа сала отырып, педагогиканы жеке бір ғылым саласы ретінде қарастырды. Педагогиканың жеке бір ғылым екенін делелдеп, оның теориялық негізін жасаушы чех ғалымы- Ян Амос Коменский (1592- 1670).
Бірақ та адамзат баласы пайда болғаннан бастап педагогика әлеуметтік тәжірибе ретінде жинақтала бастады. Ежелгі мемлекеттер- Египет, Қытай, Үндістан, Греция, Рим елдерінде тәрбие теориясы жинақталып, теориялық бастаулары анықтала бастады.
Еуропалық тәрбиенің тал бесігі- ежелгі Греция. Ондағы белгілі философтар педагогикалық мәселелер туралы өз пікірлерін қалтырды. Ежелгі ойшылдардың бірі- Демокрит (б.з.б. 460- 370) өз зерттеулерінде тәрбие туралы қарастырады. Педагогиканың теориялық негіздерін қалаушылар- Сократ, Платон, Аристотельдердің еңбектерінде жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі идеялары зерттелді. Сонымен бірге, Марк Квинтилиан, Цицерон еңбектерінде тәрбие мәселелері қарастырылды.
Орта ғасырда шіркеу қоғамның рухани өмірін бақылауда ұстап, көбіне діни тәрбиеге көңіл бөлінді. Соған қарамастан, Тертуллиан, Августин, Аквинат сияқты ғалымдар педагогикалық трактаттар жазып қалтырды.
Қайта өрлеу дәуініде бірқтар ойшылдар- Эразм Роттрдамский, Витторино де Фельтрэ, Мишель Монтень адам мәселесіне көңіл аударды.
Педагогика ХVІІ ғасырда жеке ғылым саласы петінде философиядан бөлініп шықты. Оның негізін қалаушы чех ғалымы- Ян Амос Коменский (1592-1670жж). Я.А.Коменсийдің «Ұлы Дидактика» еңбегінде баларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалады.
ХVІІІ ғасырдың ірі педагогтары - Джон Локк, Жан-Жак Руссо, Иоган Генрих Пестолоций, Иоган Гербарт, Адольф Дистерверг.
Дж.Локк «Тәрбие жөніндегі ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психолгиялық негіздеріне және адамгаершілік қалыптасу мәселелеріне үлкен мән береді. Жан-Жак Руссо баланы табиғаттан дарынды, тәрбие баладағы қасиеттерді еркін дамытуға кедергі болмауы тиіс деп жазады. И.Г.Пестолоций педагогикада алғашқылардың бірі болып, тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын «Лингард пен Гертруда» атты еңбегінде жазды. Ол адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән берді. Ал И.Гербарт оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін алғаш рет жобалап берді. А.Дистерверг педагогикалық теорияның пргрессивті-демократиялық бағытын дамытты.
ХVІІІ ғасырда мұғалімдер даярлайтын оқу орнының ашылуы педагогикалық теориялардың жедел дамуына жағдай жасады. Аса құнды тәрбиелік теориялар орыс ойшылдары- Б.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добралюбов, Л.Н.Толстой, Н.И.Пирогов және орыс педагогикасының атасы - К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылды.
ХІХ-ХХ ғасырдың басында АҚШ педагогиканың негізгі проблемалары белсенді зерттелді. Адамды тәрбиелудің жалпы заңдылықтары, білім берудің тиімді технологиялары қарастырылды. Американың белгілі педаготары Джон Дьюй (1859- 1950 жж.), Эдвард Торндайк.
Олардың көзқарастарын ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, С.Т.Щацкий, П.П.Блонский, А.П.Пинкеевич, Н.К.Крупская, А.С.Макаренколар жалғастырып, педагогика ғылымының дамуына ықпал жасады.
Ұлттық педагогиканың теориясы мен тәрбие мәселелерін Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов, С.Асфендияров, М.Жумабаев, Ж.Аймауытов және т.б. зерттеп дамытты.
2. Педагогиканың пәні, объектісі, негізігі категориялары
2. Педагогиканың негізгі қарастыратын мәселесі жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде оқыту процесі мен тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни арнайы ұйымдастырылған үрдіс сиаптындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.
Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастарын үш түрлі концепцияларға бөліп қарастыруға болады:
1 бағыттың өкілдері - педагогиканы адамзат білімінің пәнаралық пәні деп қарастырады. Бұл бағыт бойынша педагогиканы жеке ғылым саласы екненін жоққа шығарады.
2 бағыт өкілдері педагогиканы қолданбалы ғылым деп анықтап, ол басқа ғылым салаларынан жинақталған білімдерді өзіне қолданып, білім беру мен тәрбие саласында туындаған қиыншылықтарды шешуге бейімдеп қолданады деп көрсетеді. Педагогикаға бұл концепция тұрғысынан қарау педагогикалық тәжірибенің қызмет етуі мен оны қайта қарауда біртұтас фундаментальды негіздерін қамтамасыз ете алмайды.
3 бағыт концепциясының өкілі ғалым В.В.Краевскийдің анықтауынша педагогика жеке ғылым саласы, оның жеке зерттеу объектісі мен пәні бар деп қарау дұрыс.
Педагогиканың пәні - индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесі, яғни біртұтас педагогикалық процесс. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени- тәрбиелеу мекмелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады.
Педагогиканың объектісі - объективті шындықтағы педагогикалық іс-әрекет. И.В. Сластенин педагогиканың объектісін индивидтің дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық жатады деп көрсетеді. Ал бұл құбылыс білім беру деп аталады. Педагогика білім беруді зерттейді.
Педагогика педагогикалық процестегі адамды өмір бойы дамыту құралы мен факторы ретінде қарастырылып, оның мәні, заңдылықтары, тенденциялары, даму перрспективаларын зертейтін ғылым саласы. Бұл негізде педагогика педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясынын, педагогтың іс-әректін жетілдіру формалары мен әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әректтері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.
Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отыра, жеке адамды арнайы ұйымдастырылған процестерде қоғам қойған талаптарға сай, әлеуметтік сапаларды меңгерген тұлға ретінде қалыптастыру процесін зерттейді (Ж.А.Әбиев).
Педагогиканың атқаратын функцияларын оның зерттеу пәні анықтайды. Педагогика жеке ғылым ретінде төмендегідей функцияларды атқарады: теоретикалық және технологиялық функциялар.
Педагогиканың теоретикалық функциясы үш деңгейде жүзеге асады:
Сипаттаушы және түсіндірмелі денгейі - алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибені зертейді.
Диагностикалық деңгей - педагогикалық құбылыстардың жағдайы, тиімділігі немесе педагогтар мен оқушылар іс-әректінің тиімділігі, оларды қамтамасыз ететін жағдайлар мен себептерді анықтайды.
Прогностикалық деңгей - педагогикалық шындықты эксперименттік зерттеу арқылы анықтап, олардың негізінде шынайылықты өзгерту моделін жасайды. Прогностикалық деңгей педагогикалық құбылыстардың мәнін ашуға негізделеді. Бұл деңгейде оқыту мен тәрбиенің теориясы, педагогикалық жүйелердің моделі жасалады.
Педагогиканың технологиялық функциясы да үш деңгейден тұрады:
Жобалау деңгейінде - теориялық концепциялар және педагогикалық шындықты, оның мазмұны мен сипатын анықтайтын нормативті немесе регулятивті жоспарды жүзеге асыратын әдістемелік материалдар (оқу жоспары, білім беру бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралы, педагогикалық нұсқаулар) дайындалады.
Қайта құрушы деңгей - педагогика ғылымы қол жеткен жетістіктерді білім беру тәжірибесін жетілдіру және реконструкциялау мақсатында қолдануға бағытталады.
Рефлексивті және түзетуші деңгей - оқыту және тәрбие тәжірибесіне ғылыми зерттеу нәтижелерінің әсерін бағалайды және оның ғылыми теория және тәжірибелік іс-әректтің өзара байланысындағы түзетулерді қарастырады.
Педагогика қолданбалы ғылым ретінде өзінің күш жігерін қоғамда пайда болатын тәрбие, білім беру, оқытудың проблемаларын шешуге бағыттайды. Педагогика ғылымының даму көздері: ғасырлар бойы жинақталған тәрбие туралы ойлар, салт- дәстүр, әдет-ғұрыптар, халықтың тәрбие туралы жинақтаған тәжірибелері, философиялық, психологиялық, қоғамтану ғылымдарының еңбектері, қазіргі әлемдік және отандық тәрбие тәжірибесі, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулердің мәліметтері, педагог-новаторлардың тәжірибесі.
Педагогика ғылымының негізгі категориялары төмендегілер: білім беру, тәрбие, оқыту, қалыптастыру, дамыту. Ал Н.Д.Хмель педагогиканың негізгі категорияларына төмендегілерді де қосады: педагогикалық процесс, әлеметтендіру, тұлға, іс- әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |