Дәріс Тақырыбы: Педагогика ғылым ретінде Қарастырылатын сұрақтар: Педагогика ғылымының даму кезеңдері Педагогиканың пәні, объектісі



бет3/4
Дата29.09.2022
өлшемі81 Kb.
#40791
1   2   3   4
ФИЛОСОФИЯ

МӘДЕНИЕТТАНУ

ПСИХОЛОГИЯ

ФИЗИОЛОГИЯ

ТАРИХ

ЭТНОГРАФИЯ

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ

САЯСАТТАНУ

МЕДИЦИНА

ӘЛЕУМЕТТАНУ

Сонымен, адам жөніндегі барлық ғылымдардың идеялары педагогикаға тәрбие заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік ашады. К.Д. Ушинский «Педагогика адамды әр тарапынан тәрбиелегісі келсе, онда ең алдымен сол адамды жан-жақты біліп алуы керек»- деген.




4. Педагогика ғылымдарының жүйесі және олардың мазмұны

Педагогика кең көлемдегі ғылым саласы. Оның зерттейтін пәні өте күрделі. Ғылым өзінің дамуы барысында көптеген ақпараттар мен мәліметтерді жинақтай келе, үлкен бір жүйеге айналды. Білімдер аумағының өсуі жеке пәндердің пайда болуына алып келді.


Педагогика ғылымдар жүйесіне жалпы педагогика, педагогика тарихы, жас ерекшелік педагогикасы, педагогикалық мамандыққа кіріспе, кәсби педагогика, этнопедагогика, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, жеке пәндер әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы, салыстырмалы педагогика, арнайы педагогика, әлеуметтік педагогика жатады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогикасы (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физилогиялық және әр түрлі жастағы топтардың психолгиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Кейінгі он жылдықта бірқатар ғалымдар мектепке дейінгі педагогикадан балабақша жасындағы педагогикасын бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Зейнеткер тұрғындардың санының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болып, қалыптасу деңгейінде.
Кәсіби техникалық педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы пәндері педагогикалық процесс пен жұмысшы кадрларын кәсіби және және әр түрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтарын зерттейді.
Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия), дене дауында кейбір ауытқушылықтар (көз көру, есту, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістері мен формаларын зерттеумен айналысады.
Әскери педагогика әр түрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды, әскери шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы тұрмеде отырған азматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады.
Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді іс- әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні жалпы білім беретін мектептегі оқу- тәрбие процесінен қол үзген ұзақ уақытта емделетін ауру балалрға білім беру болады.
Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан ол тарих, этнография, археологиямен байланысты, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдық және рухани мәдениеті саласының бірлігі ретінде ғана дамиды.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердің білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық ғылымдар жүйесін төмендегі сызба түрінде көрсетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет