Кезеңдердің мазмұны
Б.з.д. VI ғ – ХІІғ.
|
Жан туралы ілім-білімнің пайда болуы /Аристотель/
|
Адам өміріндегі рухани құбылыстардың бәрін жанмен байланыстыра қарастыру.
|
ХVIІ - ХІХғ-дың ортасына дейін.
|
Психолгияның сана туралы ілім ретінде аренаға шығуы.
|
Сана сыртқы заттық дүниенің бейнесі (Дж.Локк). Бұған жаратылыстану ғылымдарының игілікті әсері болды. Адамның ойлау, сезім, тілек қабілеттерін сананың көрнісі деп қарастыра бастады. Бұл үшін кісінің өзін-өзі және басқаларды байқауынан нақтылы деректер жинастырылатын болды.
|
ХІХ ғ.60-шы жылдарынан ХХғ. алғашқы ширегі
|
Психолгияның дербес эксперименттік (тәжірибе) ғылым ретінде отау тігуі. В.Вундт оның адамның мінез-құлқын зерттеумен айналыса бастауы.
|
Адамның жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің қызметін тәжірибе жүзінде арнаулы аспап, құрал-саймандар арқылы зерттеудің басталуы, түйсік пен қабылдаудың жекеленген заңдылықтарының ашылуы (Вебер-Фехнердің психофизикалық заңы т.б.).
|
ХХғасырдың 20- 30жж. психология дағдарысы.
|
Психологиядағы ағымдық мектептердің пайда болуы.
|
Бихевиоризм, гештальтпсихологиясы, фрейдизм.
|
ХХғ.40-60жж.
|
Психологияның адамдардың жан дүниесінің қалптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналуы.
|
Психология ғылымының көптеген жаңа салаларының пайда болуы.
|