Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет37/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

2. Тұйық буын – екі не үш дыбыстан құралып, дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын түрі. Дыбыстық құрамы:
1) АВ: ат, ай, үй, ақ – тар;
2) АВВ: ант, өрт, акт, ұлт;
3. Бітеу буын – ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссызбен келген үш не төрт дыбысты буын.
1) ВАВ: бас – тар, бас – тық, тас – тай, тақ – тақ;
2) ВАВВ: қант, қарт, жарқ, жалт;
3) ВАВВВ: пункт, центр, фильтр, текст;
4) ВВАВ: шкаф, шлаг, крем, штаб, стаж, хлор;
5) ВВАВВ: спорт, старт, скетч, стенд, штамп, крест;
6) ВВАВВВ: спектр;
7) ВВВАВ: штрек, штраф, штрих, шприц, стрелька, структура.
Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.
Буын жігі және тасымал.
Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды ұғым – сөздің буын жігін табу немесе сөзді буынға бөлу.
Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байланысты.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас, ант, ұлт, ас – қа, ант – ты, ұлт – тық. Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды.
Буынның дыбыстық құрамы.
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді.
1. бір дыбысты: а – та, ә – же, і – ні, а – па, а – са, о – тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;
2. екі дыбысты: ба – ла, қа – ла – да, та – за – ла, жа – ға, та – ра.
3. үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл – шек – тер, ұлт, ұрт.
4. төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт.
Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:
5. бес дыбысты: пункт, спорт, текст, трест, фланг, спирт.
6. алты дыбысты: спектр, спринт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет