Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет40/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Дыбыстардың алмасуы.
Алмасу - әртүрлі сөз формалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі.
Мұны былай түсіну керек: жан, жанбады, жанған – үш түрлі сөзформа; олардың лексикалық мағыналары бірдей, себебі түбірі ортақ. Сондықтан оның дыбысталуы да бірдей болса керек.
Сонымен дыбыстық алмасу – фонетикалық жағдайдың нәтижесі. Мұны комбинаторлық немесе позициялық өзгеріс деп те атайды.
Тіл үндестігі.
Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі дейді. Қазіргі қазақ тіліндегі тіл үндестігін екіге бөліп қарау керек болады: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан.
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке буынды болып келеді.
Ертеректе енген араб – парсы сөздерін айтпағанда, орыс тілінен енген сөздердің өзі де аралас буын қалпынан ажырап, бірыңғай буынды болып қалыптасты: бәтеңке (ботинка), бөрене (бревно), нөмір (номер), сәтен (сатин), резеңке (резинка).
Қазақ тілінде осы бір байырғы заңға илікпей жүрген біраз сөз бар. Оның ішінде: құрмет, құдірет, қашемет, мәслихат сияқтылар аралас буын қалпын сақтап айтылса, қабілет, қасірет, қауесет т.б. сөздерде а әрпі а және ә дыбыстарының аралығында дыбысталуға бейім.
Сонымен, тіліміздегі байырғы түбірлер тіл үндестігіне толық бағынады, яғни түбір ішінде жуан дауыстылар бірыңғай, жіңішке дауыстылар өз алдына тіркес құрайды.
Ерін үндестігі.
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы, тұйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү, түлкүлөрдү.
Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін еріндік дауыстылар мен езулік дауыстылардың көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сонда екі буынды сөздерде тек ашық а езулігінің ғана о, ұ еріндіктерінен кейін кездеседі: ора, орақ, отан, қола, қора, ұра, ұран, ұзақ т.б. Қалған жағдайда еріндіктер мен езуліктер бір сөз ішінде қатар айтылмайды. Әсіресе еріндіктерден кейін езуліктер кездеспейді. Тек мазмұн, мақұл, марқұм, куә, күнә, мәжбүр, дәстүр деген сияқты санаулы ғана кірме сөздерде бұл заңдылық сақталмауы мүмкін.
Сингорманизмнің мәнін құрауға тіл және ерін үндестігі тең қатысады. Қазақ тілінде ерін үндестігі болған және оның күші санаулы буынмен шектелмейді: алдыңғы буында дауысты о, ө, ұ, ү, сондай – ақ дауыссыз у дыбыстары болса, келесі буындарда жазылған е, ы, і әріптері айтуда ө, ұ, ү еріндіктеріне айналады. Мысалы: қорұтұндұсұ (қорытындысы), өздөрүңүзгө (өздеріңіздерге), ауұлұмұздұң (ауылымыздың).
Сонымен, ерін үндестігі де қазақ тілінің бірегей белгісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет