Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Грамматикалық формалар мен грамматикалық мағыналар



бет53/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

Грамматикалық формалар мен грамматикалық мағыналар.
Біз жоғарыда грамматикалық тәсілдер туралы сөз еттік. Енді грамматикалық формалар мен грамматикалық мағыналар туралы сөз етпекпіз. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.
Тілдегі грамматикалық мағыналар грамматикалық формалар арқылы беріледі. Мысалы, «бірінші жақ формасы», «нақ осы шақ формасы», «шығыс септік формасы» дейміз. Олар жақтық, шақтық, септік мағыналарын береді. Сөз қаншама формада қолданылса да, ол әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады. Мысалы: ағаш+тың, ағаш+ты, ағаш+та, ағаш+тан, ағаш+пен т.б. Бұл жерде алты форма, бір-ақ сөз бар. Сөз формалары деп - сөздің лексикалық мағынасына қосымша грамматикалық мағыналарды жамайтын формаларды ғана айтамыз.
Бұл тұрғыдан жазу (писать), жазушы (писатель) дегендер бір сөздің формалары болып саналмайды, өйткені жазу - іс әрекетті көрсетсе, жазушы - жазуға бейім, жаза алатын адамды көрсетеді. Ал жақсы - жақсылық, келді - келеді - келсе десек, бұлар – грамматикалық формалар. Форма, әдетте, белгілі бір мағынаны білдіреді, мағынасыз форма жоқ. Ендеше, әртүрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз формаларын - грамматикалық формалар деп атаймыз. Мысалы ек, ексін, егейік - бұлар бір сөздің әртүрлі грамматикалық формалары. Ал ек, егінші, егіс - дегендер ек түбірінен жасалған әр қилы сөздер. Өйткені соңғылар әр басқа лексикалық мағыналарды білдіріп тұр. Формалардың ішінде біреуі негізгі, ал қалғандары туынды болады. Мысалы, атау септік - негізгі форма, қалған - туынды формалар. Туыңды формалар негізгі формалардан жасалады. Екінші жақ бұйрық рай формасы (жаз) - негізгі форма, ал ашық рай (жазды), шартты рай (жазса), қалау райы (жаз+ғы+м келеді) -туынды формалар.
Сөз формаларының екі түрі бар: 1) синтетикалық формалар, 2) аналитикалық формалар.
Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің синтетикалық формалары аффиксация арқылы және ішкі флексия (дыбыстардың алмасуы) аркылы жасалады. Мысалы, стол - столы, ағыл. table (үстел) - tables (үстелдер). Бұл сөздердің көпше формалары аффикстер арқылы жасалып тұр. Аффиксация тәсілінің префиксация, инфиксация, суффиксация деген түрлері бар. Бұлар сөздің қай жерінен қосылатындығымен ерекшеленеді.
Қазақ тілінде сөздің формаларын жасайтындар - жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік). Мысалы: әке+лер+ің+нің дос+ы+мын. Жалғаулардың кейбіреулері сөз тудырушы қызмет те атқарады. Мысалы: бос+қа, теб+е+ген, жүр+е+сі+нен, еге+у, жайы+мен т.б.
Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия аркылы да жасалады. Мысалы: ағыл. man (ер, еркек) - men (ерлер, еркектер), gast (қонақ) - gaste (қонақтар). Соңғы сөз әрі ішкі флексия, әрі аффиксация арқылы жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет