Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет7/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

Тіл білімі және мәдениет. Мәдениеттің бастауы тілдің пайда болуымен тұспа-тұс келеді. Мәдениет тілі дегеніміз адамдардың коммунаикативті байланыс жасап, мәдениет кеңістігіндегі бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құралдар, таңбалар, рәміздер мен мәтіндер. Мәдениет тілі – бұрын болған не жаңадан пайда болатын түсініктер, қабылдаулар, ұғымдар, бейнелер және басқа да осы тектес мәндік құрылымдар ұйымдасатын нақтылықты түйсінудің әмбебап формасы болып табылады.
Тіл – мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал. Тілші-ғалым Ә. Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланыс­ты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті… Тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек» дейді.
Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мәдениет адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген рухани құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің байланысы секілді. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуімізге болады.
Тіл білімі және математика. Тіл білімі белгілі дәрежеде математикамен де, кибернетикамен де байланысты. Тіл білімі математика ғылымымен, біріншіден, машиналық аударма мәселелері бойынша байланысса, екіншіден, тілді зерттеуде математикалық статистика әдістерінің қолданылуы жағынан байланысады. Математикалық статистика сөздердің, дыбыстардың қолданылу жиілігін айқындауға көмектеседі. Осының нәтижесінде тіл білімінің математикалық лингвистика деп аталатын саласы қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет