Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет31/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді. Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттама фонетика тілдін, өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара. байланыстарын белгілеп айқындайды. Фонемалардың құрамын белгілеп айқындау олардың (фонемалардың) пайда болып қалыптасуы немесе шығып қалуы туралы мәселемен тығыз байланысты. Осылай болғандықтан, сипаттама фонетикада фонемалардың тарихы да еске алынады. Алайда сипаттама фонетика тарихи фонетиканы ауыстыра алмайды. Сипаттама фонетикада дыбыстардың тарихын зерттеудің арнайы мақсаты түрінде емес, қазіргі тілдің фонетикалық жүйесін және оның әрі қарай даму мүмкіндіктерін айқындаудын, құралы ретінде ғана қаралып, есепке алынады. Фонетиканың бұл түріне қатысты фонология деген термин де қолданылады.
Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әртүрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады.
Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратадыдыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы. Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Адамның құлағы бір секунд ішіндегі 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы, яғни қарқыны неғұрлым көбейсе, дыбыс күші де соғұрлым күшейе береді. Мұны шекті аспаптардан да айқын аңғаруға болады. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен, қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің тіл-тілдің ішінде динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы, атқаратын қызметі басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет