Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет62/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

Сөзжасамдық мағына.
Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді. Жаңа аталымдар (номинациялар) сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі болды. Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжасамдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші, жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобызшы т.б. осы типтегі туынды сөздерді алсақ, олардың құрамындағы негізгі морфема да, көмекші морфема да олардың мағынасының жасалуына қатысып тұр. Осы туындылардағы негіз сөз жаңа мағынаның жасалуына арқау болған. Ал осы туынды түбірлердегі -шы, -ші жұрнағы оларға мамандық мәнін қосқан. Бұл туынды түбірлердегі -шы/-ші жұрнағы мамандық мәнін беріп тұр, ал негіз сөздер ненің маманы екенін білдірген. Келтірілген туынды түбірлердің құрамындағы сөзжасамдық бірліктер (негіз сөз бен жұрнақ) туынды мағынаны жасауға қызмет еткен. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктерге жатады.
Мұндай туынды сөздердің қандайы жасалғанын ажырату қиын емес, сөздің лексикалық мағынасы мен негіз сөздің мағынасы байланысты болады. Бұл мағыналық байланыс арқылы туынды сөздің қандай негіз сөзден жасалғанын табуға болады. Бұл ерекшелік сөзжасамдық типтерге қатысты. Алайда сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне байланысты туынды сөз бен негіз сөздің арасындағы мағыналық байланыс үнемі жоғарыда-ғыдай бола бермейді. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінде сөз бір сөз табынан екінші сөз табына өтеді. Мысалы, айтыс - етістік, айтыс - зат есім. Мұнда етістік мәнді сөз заттық ұғымды білдіріп, зат есімнің грамматикалық көрсеткішітерімен түрленетін болды. Мысалы, айтысты жалғастыр, айтысқа түс. Бірақ осы сөздің екеуінің де негізгі лексикалық мәнінде айырма жоқ деуге болады. Келесі бір туынды сөздерде негіз сөздің мағынасы толық сақталып, оған үстеме мағына ғана қосылады. Мысалы, әкетай, балапан, дөңес. Ал он сегіз, белбеу, әкел, білезік, бозторғай, келіп кет сияқты сөздердің мағыналары олардың құрамындағы сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының қосындысынан жасалғаны анық байқалып тұр. Бұл келтірілген мысалдар туынды сөздердің жасалу жолы және сөзжасамдық бірліктері қандай түрлі болса, сөзжасамдық мағына да түрлі екенін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет