Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Туынды сөздер, олардың түрлері



бет63/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

Туынды сөздер, олардың түрлері.
Туынды сөздер деген терминнің қолданымға түскеніне көп уақыт болған жоқ. Бұған дейін туынды түбір, қос сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз деген сияқты терминдар қолданылып келді. Ал олардың бәрі – сөзжасам нәтижесінде тілге қосылған сөздердің түрлері. Олар тілдегі алғашқы негізгі түбірлерге қарағанда, кейінгі құбылыстарға жатады. Осы сөзжасам әрекетіннің нәтижесінде әр кезенде тілге қосылып отырған, сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы түрлі тұлғаға ие болған сөзжасамдық лексикалық нұсқалардың жалпы ортақ термині болған жоқ еді. Сондықтан сөзжасамдық әрекеттің нәтижесінде тілге қосылған лексикалық нұқалардың бәрін қамтитын туынды сөз деген термин қолданылған болатын.
Осыған байланысты туынды сөздер деген термин сөзжасам арқылы жасалған туылымдардың ортақ атауы ретінде қолданылып отыр. Тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысаны – туынды сөздер. Туынды сөздер – тілдің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған лексикалық нұсқалар «единицалар». Мысалы, ағар, бітім, келісім, белдік, кәсіптік, қаламгер, озат, сөзшен сияқты туынды түбірлер сөзжасамның морфологиялық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздер. Ал баданакөз «өсімдік», жел қақты, жолсерік, көксоққан, қарашайыр «өсімдік», отқасалар, торкөз, ұзын сонар т.б. осы сияқты күрделі сөздер сөзжасамның синтаксистік тәсілі бойынша жасалған туынды сөздер. Ал 1) абзал-құрал. Атқа қораға барып, ат абзалдарының кемшілігін түзей бастады; 2) абзал-қадірлі, құрметті-көріскенше, сау бол, абзал адам (Омаров); 3) абзал-жөн, дұрыс. Онда колхозға түгел көшкендерін абзал болар. (Нұртазин) дегендегі абзал сөзінің бірнеше мағына беріп, бірнеше сөз қызметін атқару сөзжасамның семантикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөз болуына жатады. Сонымен туынды сөздерге қосымша арқылы жасалған күрделі сөздер, сөзжасам тәсілінің барлық түрі арқылы жасалған туындылардың бәрі жатады, туынды сөздер –тілдің тілдік сөзжасамдық әрекетінің нәтижесі.
Қазақ тілінің сөздің қоры туынды сөздерге өте бай. Егер тілдегі түбір сөз бен туынды сөзді салыстырсақ, ол екеуіннің арасындағы айырмашылық өте зор. Өйткені тіліміздің сөзжасам жүйесі – тым көне замандардан келе жатқан құбылыс, оның барлық кезеңінде тілге туынды сөздер үнемі қосылып отырған. Сондықтан ең көне жазба ескерткіші саналатын орхон жазбаларынның өзінде туынды сөздер көптеп кездеседі. Содан бері туынды сөздер тілге үздіксіз қосылып отырған. Туынды сөздердің қазақ тілінің тарихында сөздікке ең мол қосылған кезі – соңғы 70-80 жыл, яғни соңғы кезең. Еліміз егемендік алғанынан бергі кезеңде қоғамдық жаңалықтармен байланысты жаңа сөздер тілге өте көп қосылып жатыр. Бұл кезеңдерде тілімізге туынды сөздердің қосылу қарқыны өте күшті. Осының нәтижесінде тіліміз туынды сөздермен орасан байыды. Қазір тіліміздегі негізгі түбір сөздермен салыстырғанда, туынды сөздер олардан әлдеқайда көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет