Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет44/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып табылады. Семасиология лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі мағынаны әрбір сөздің «жаны» десе болады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы - ономасиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналары, семантикалық заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендігі қарастырылады. Ономасиологияның диалектологияға қатысы бар. Ономасиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әртүрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикология картасы ономасиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілеріндегі әртүрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
Ономасиологияның айырықша бір саласы - ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу обьектісі етіп алса, екіншісі топонимика географиялық атауларды зерттеу обьектісі етіп қарастырады. Лексикология сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретінде қарастырады. Лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы: жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында (лезде) т.б. фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланғанда мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады.
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семасиология – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады;
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері қарастырылады;
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі
6. Терминогия – әртүрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
7. Диалектология – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет