Дәріс тақырыбы



бет1/6
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#130781
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс - Қанның ұюы (Гемостаз). 3

Дәріс тақырыбы:

  • Дәріс тақырыбы:
  • Қан ұюы (Гемостаз).

Қан ұюы (Гемостаз)

  • Дәріс жоспары:
  • Гемостаз туралы түсінік.
  • Қанның ұюы жайлы қазіргі кездегі көзқарастар
  • Қан ұю факторлары.
  • Тамырлы-тромбоцитарлық гемостаз.
  • Коагуляциялық гемостаз.
  • Ретракция.
  • Фибринолиз.
  • Қан ұюының бұзылыстары (коагулопатии)

Қанның қызметінің бірі қорғаныстық қызметі болып табылады. Қанның қорғаныс қызметіне қанның ұюы – гемостаз жатады.

Гемостаз

  • Гемостаз грек тілінен аударғанда haima – «қан», ал stasis – «тоқтату» дегенді білдіреді.
  • Гемостаз – қантамыр қабырғасының зақымдануы кезінде қан кетуін тоқтататын, сондай-ақ қанды сұйық күйде ұстайтын физиологиялық процестер кешені. Бұл көптеген компоненттерді қамтитын күрделі өзін-өзі реттейтін физиологиялық механизм және шартты түрде 2 жүйені:
  • қан ұю
  • қан ұюға қарсы
  • біріктіреді:

Гемостаз жүйесінің морфологиялық құрам бөліктері

  • Қантамырлар қабырғасы
  • Тромбоциттер (қан ұюының тромбоциттік факторлары) және қанның жасушалық элементтері
  • Плазмалық компоненттері – қан үюға қатысатын плазмалық факторлары, ақуыздар, пептидтер мен гемостаздың белоктық емес медиаторлары, цитокиндер, гормондар.
  • Сүйек кемігі, бауыр жатады, көкбауырда тромбоциттер мен қан ұюдың плазмалық құрам бөліктері түзілетіндіктен, ол да гемостаз жүйесінің құрам бөлігі ретінде саналады.

Гемостаз жүйесінің қызметтері

  •  
  • Қан кетудің алдын алу және тоқтату
  • Қанды сұйық күйінде сақтау
  • Тромбаның пайда болуының алдын алу
  • Зақымдану ошақтарынан микрофлораның, гетеро- және автотоксиндердің таралуын шектеу

Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері - 180-320х109/л (103мкл)

  • Қан кету кезінде эндотелий, қан ұю факторлары, қанның формалық элементтерімен қоса, әсіресе тромбоциттер сияқты құрылымдар белсенді күйге көшіп және оны тоқтатуға қатысады.
  • Сонымен қатар, қанның ұюы жүзеге асырылуы үшін кальций, протромбин, фибриноген секілді заттар қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет