Фибриндік ұйынды пайда болғаннан кейін қан ұюының кейінгі фазасы басталады, ол екі үдерістен тұрады — ретракция және фибринолиз.
Ретракция
Ретракция зақымдалған тамырдағы тромбтың тығыздалуы мен бекітілуін қамтамасыз етеді. Ол тромбостениннің жиырылғыш белогына байланысты тромбоциттердің жеткілікті санымен ғана жүзеге асырылады. Оның жиырылуы кезінде тромб бастапқы көлемінен 25-50% кішірейеді, бұл онық қантамырға сенімдірек бекітеді. Ретракция тромб пайда болғаннан кейін 2-3 сағат ішінде аяқталады.
Ретракциядан кейінгі қан тромбы (ұйындысы)
Фибринолиз
Пайда болған тромб қатайып тағыздалып, қантамыр жарақатын бітеп, сыртқа қан кетуі тоқтағаннан кейін, тығыз тромбпен бітелген қантамыр саңылауы тарылады. Тарылған қантамыр саңылауын қайта қалпына келтіру үшін келесі фибринолиз (фибриннің пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырауы) кезеңі – басталады. Ол еріткіш ферменттердің – плазминоген проферменті ретінде плазмада болатын протеолитикалық плазмин ферменті әсерінен ыдырайды.