Қанның қызметінің бірі қорғаныстық қызметі болып табылады. Қанның қорғаныс қызметіне қанның ұюы – гемостаз жатады.
Гемостаз
Гемостаз грек тілінен аударғанда haima – «қан», ал stasis – «тоқтату» дегенді білдіреді.
Гемостаз – қантамыр қабырғасының зақымдануы кезінде қан кетуін тоқтататын, сондай-ақ қанды сұйық күйде ұстайтын физиологиялық процестер кешені. Бұл көптеген компоненттерді қамтитын күрделі өзін-өзі реттейтін физиологиялық механизм және шартты түрде 2 жүйені:
қан ұю
қан ұюға қарсы
біріктіреді:
Гемостаз жүйесінің морфологиялық құрам бөліктері
Қантамырлар қабырғасы
Тромбоциттер (қан ұюының тромбоциттік факторлары) және қанның жасушалық элементтері
Плазмалық компоненттері – қан үюға қатысатын плазмалық факторлары, ақуыздар, пептидтер мен гемостаздың белоктық емес медиаторлары, цитокиндер, гормондар.
Сүйек кемігі, бауыр жатады, көкбауырда тромбоциттер мен қан ұюдың плазмалық құрам бөліктері түзілетіндіктен, ол да гемостаз жүйесінің құрам бөлігі ретінде саналады.
Гемостаз жүйесінің қызметтері
Қан кетудің алдын алу және тоқтату
Қанды сұйық күйінде сақтау
Тромбаның пайда болуының алдын алу
Зақымдану ошақтарынан микрофлораның, гетеро- және автотоксиндердің таралуын шектеу
Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері - 180-320х109/л (103мкл)
Қан кету кезінде эндотелий, қан ұю факторлары, қанның формалық элементтерімен қоса, әсіресе тромбоциттер сияқты құрылымдар белсенді күйге көшіп және оны тоқтатуға қатысады.
Сонымен қатар, қанның ұюы жүзеге асырылуы үшін кальций, протромбин, фибриноген секілді заттар қажет.