Дәріс тақырыбы



бет6/6
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#130781
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс - Қанның ұюы (Гемостаз). 3

Кейінгі кезең

  • Фибриндік ұйынды пайда болғаннан кейін қан ұюының кейінгі фазасы басталады, ол екі үдерістен тұрады — ретракция және фибринолиз.

Ретракция

  • Ретракция зақымдалған тамырдағы тромбтың тығыздалуы мен бекітілуін қамтамасыз етеді. Ол тромбостениннің жиырылғыш белогына байланысты тромбоциттердің жеткілікті санымен ғана жүзеге асырылады. Оның жиырылуы кезінде тромб бастапқы көлемінен 25-50% кішірейеді, бұл онық қантамырға сенімдірек бекітеді. Ретракция тромб пайда болғаннан кейін 2-3 сағат ішінде аяқталады.

Ретракциядан кейінгі қан тромбы (ұйындысы)

Фибринолиз

  • Пайда болған тромб қатайып тағыздалып, қантамыр жарақатын бітеп, сыртқа қан кетуі тоқтағаннан кейін, тығыз тромбпен бітелген қантамыр саңылауы тарылады. Тарылған қантамыр саңылауын қайта қалпына келтіру үшін келесі фибринолиз (фибриннің пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырауы) кезеңі – басталады. Ол еріткіш ферменттердің – плазминоген проферменті ретінде плазмада болатын протеолитикалық плазмин ферменті әсерінен ыдырайды.
  • Плазминоген
  • Плазмин
  • Фибринолизин
  • Плазминогеннің белсендірушілері: урокиназа, трипсин, калликреин-кинин жүйесі, сілтілік және қышқылдық фосфатаза.

Қан үюының бұзылыстары (коагулопатия)

  • Тромбоциттердің саны мен сапасының ауытқулары (немесе қан кету немесе тромбоз)
  • Бір немесе бірнеше факторлардың жетіспеушілігі (қан кету)
  • Прокоагулянттардың қанға түсуі (тромбоз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет