Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты


 Емдік тамақтану (лечебное питание)



бет32/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
Лекция «тама тану физиологиясы»

1.4 Емдік тамақтану (лечебное питание)
Функциональді тамақтанудың екінші түрі емдік тамақтану. Емдік тамақтану (диетотерапия) жедел және созылмалы ауру түрімен ауырған кезде тағайындалады.
А.А. Покровскийдің пікірінше емдік тамақтану мақсаты сырқат организмнің фермент констилляциясымен тағамның химиялық құрамының арасындағы сәйкестілік бұзылғанда қалпына келтіруден тұрады. Осындай мақсатпен емдік тамақтанудың терапевтикалық әсері ұлпалар құрамының, зат алмасу және сырқат организмдегі көптеген фермент жүйелерінің қызметін өзгертуге арналған.
Емдік тамақтану кез – келген ауру кезінде жалпы терапевтикалық шаралардың кешенінің негізгісі болып табылады.
Дұрыс тағайындалған емдік тамақтану науқастың жақсы жазылып бітуіне, организмнің қорғаныш қабатын жоғарылатуға, анаболикалық процестің өтуін белсендіреді, бұл ақыр соңында денсаулықтың сауығып кетуіне әкеледі.
Ауырған адам сырқаттанған күннен бастап толыққұнды және жеткілікті тамақтанса тезірек жазылып асқынудың саны төмендейді. Тамақты азайту тек аз уақытқа дейін жүргізіледі, ол аурудың басталуы кезінде немесе тағаммен уланудан, жүрек айнығанда, дене температурасы көтерілгенде және т.б. Бұл жағдайда сырқат адамға сұйықтың мөлшерін арттыру керек. Тамақты азайтқан кезден кейін біртіндеп (1 – 4 күн аралығында) толыққұнды тағамға көшу керек.
Емдік тамақтануды тағайындаған кезде келесі факторларды ескеру қажет: жас мөлшері; аурудың сипаты; патогенез ерекшелігі мен метаболизмнің бұзылуы; аурудың стадиясы мен фазасы; тағайындалған ем; тамақтану тәртібі; тамақтанудың тағамдық сипаты; рациондағы жеке тағамдық заттардың сандық бөлігі; технологиялық және кулинарлық өңдеудің тәсілі .
Денсаулық сақтау министрлігі емдік тамақтану диетасының номерлік жүйесін бекітіп, бұны емдік және сауықтыру (профилактикалық) орындарда қолданады. Бұл тағайындаудың көрсеткіші мен мақсатынан тұрады; өнім жиынтығының негізгі химиялық құрамының ерекшелігімен кулинарлың өңделуін; тағамдық рационның энергетикалық құндылығы мен химиялық құрамын; тамақтану тәртібін; өнімдер мен тамақтардың көрсеткішке қарсы тізімі; дайындаудың кейбір әдістері.
Көптеген диеталардың (1, 4, 5, 7) бірнеше түрі болады, олар әріптермен белгіленіп, негізгі диета номеріне 7 а, 7 б, 7 в, 7 г немесе сөзбен айтылып қосылады (1 ұсақталмаған).
Әрбір диета мынадан құралады:
- тағайындаудың көрсеткіші;
- тағайындаудың мақсаты;
  • химиялық құрамның, өнім жиынтығы мен кулинарлық өңдеудің жалпы


сипаттамасы (негізгі ерекшеліктері);


- өнімнің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы;
тамақтану тәртібі;
жіберілімге рұқсат етілген өнімдер мен тамақтар, оларды дайындаудың негізгі тәсілі, көрсетілімге қарсы тізімі (перечень противопоказания).
Диеталардың сипаттамасы емдік және емдік - профилактикалық тамақтанудың менюін құрудағы негізгісі болып табылады. Біздің еліміздегі қолданып жүрген диетаның біріңғай номерлік жүйесі өте көп мөлшердегі сырқаты әр түрлі адамдарға қызмет көрсету кезіндегі индивидуализациямен қамтамасыз етеді. Бұл үшін диеталардың арасынан сәйкес келетін біреуін немесе вариантын тағайындайды, сонымен қатар бұл диетаны жеке өнімдер мен тағамдарды қосу немесе шектеу арқылы өзгертуге болады.
Негізгі диеталарға өзгерістер енгізу келесідей себептерден болуы мүмкін:
әртүрлі ауру кезіндегі кейбір диеталарды қолданумен. Темір жеткіліксіздігінен болатын анемия үшін № 11 диета қолданады, бірақ онда мал майын қабылдауды азайту керек; егер адамда бірнеше ауру түрі болса № 9 диетадан қант диабетімен гипертоникалық аурулар бірге болса, қант диабетінде қолданып жүрген диетадан қайнатылған тұз құрамын азайтады. Өте ауыр сырқаттағы адамдарға қолданып жүрген диетадай диета қолдану ауыр болса, онда жеке диета қарастырылып ұсынылады (өткір панкреатин және т.б.)
Диетаның ерекше тобын нольдік немесе хирургиялық, сонымен қатар босататын, арнайы және аймақтық диеталар құрайды. Бұл диеталардың емдік – профилактикалық орындарда негізгі жолмен саналған, мұнда қозғалыс белсенділігі жоғары және кулинарлық өңдеу талабы жеңілдетілгендіктен химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы ерекше белгілері болып табылады. Диетада көрсетілгендей оның құрамында «бос сұйықтық» яғни шай, кофе, көже, кисель және т.б. кіреді. Ыстық тағамдарды 57 – 62 °C жоғары емес температурада береді, ал суық тағамдар үшін 15 °C – тан төмен емес. Диетада бауырдағы май алмасуды жақсартатын липотропты заттар міндетті түрде болу керек. Витаминдердің жетіспеушілігін олардың препараттары, итмұрын (шиповник) қайнатпасымен, пшеничный отрубей, не болмаса шырындармен және т.б. сол сияқтылармен жояды.
Барлық диеталарда алкогольдік ішімдіктерге тиым салынған, тек егерде дәрігер тағайындаған жағдайда болмаса рұқсат етілмейді.
Жұмысшыларға, оқитындарға арналған тамақтану орындарында, асханаларда (кафе, ресторан) 1, 2, 5, 7, 8, 9, 10, 15 диета ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет