Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты



бет42/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
1.4.15. 11 диета өкпе туберкулезінде тағайындалады, жұқпалы аурулардан кейінгі организмнің төмендетілген реактивтілігі кезінде, сүйек сынғаннан кейін, қан аздығында тағайындалады. Диета мақсаты – организмнің жалпы тамақтануын жақсарту, туберкулезбен ауыратын науқастың организмінің қарсы тұруын жоғарылату.
Диетаның калориялығы – 3400 ккал, құрамында ақуыздар 110-130 г, майлар 100-120 г, көмірсулар 450 г. Тамақты қабылдау тәулігіне 4-5 рет. Диетаға әртүрлі тағамдар кіреді, оны әртүрлі тәсілмен дайындайды .


1.4.16. 13 диета жедел жұқпалы ауру кезінде қолданады. Оның мақсаты - организмнің жалпы күшін қалпында ұстау. 13 диетаға әртүрлі тағамдар кіреді ірі өсімдік клетчаткасы, сүт бос күйінде, ашты тағамдар қабылдауға болмайды.
Тағамды езбе тәрізді немесе сұйық түрінде суда немесе буда дайындайды . Рационның химиялық құрамы ақуыздар 75-80 г , майлар 60-70 г , көмірсулар – 300-350 г, қайнатылған тұз мөлшері 8-10 г ,бос сұйықтықтар 2 л . Калориялығы 2200 – 2300 ккал. Тамақтану тәртібі, күніне 5-6 рет.
1.4.17. 14 диета тас пайда болатын фосфатурий кезінде қолданылады. Тағайындау мақсаты – зәрдегі фосфорлы – кальцилі тұздардың түсуіне кедергі жасау және олардың организмнен бөлінуін тездету. Мұнда қышқылдық ориентациясы бар (ет, балық өнімдері) және сілтілік ориентациясы өнімдер күнрт шектеледі (сүт және сүт өнімдері, көкөністер мен жидектер). Диетада жүйке жүйесін қоздыратын тағамдық заттар қолдану шектеледі .
Жалпы калориялығы – 2800 ккал. Құрамында ақуыздар 90 г, майлар 100 г, көмірсулар 380-400 г. Тамақтану тәртібі – күніне 4 рет, ашқарынға су ішеді.
1.4.18. 15 диета дені сау адамға арналған. Балансталған тамақтану түріндегі диета. Сауықтыру орындарында оны арнайы диетаны қажет етпейтін науқас адамдарға тағайындайді .
Қарастырылған емдік диеталардың барлық емдік тамақтануда кең қолданылады, ол науқастардың сауығып кетуінде үлкен маңызы бар диета. Бұл диеталарды тек қана арнайы орындарда ғана емес, үй жағдайында да, жартылай емделуде де қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет