2 - тақырып. Қаржы жүйесін ұйымдастыру
2.1 Қаржы жүйесінің ұғымы
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің үғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан — ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Қаржы жүйесі - ақша қаражаттарының қорларын құруға, пайдалануға арналған қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.
Қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың каржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
2. 2 Қаржы жүйесінің құрылымы
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қаты-настарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:
Жалпымемлекеттік қаржы.
Шаруашылық субъектілердің қаржылары.
Халық қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Мемлекеттің қаржысы — қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің каржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
Жалпымемлекеттік қаржылар
Шаруашылық субъектілер қаржылары
Халық қаржысы
ҚР бюджет жүйесі
Мемлекет-
тік бюджет-
тен тыс қорлар
Мемле-
кеттік несие
Материалдық өндіріс саласының қаржысы
Өндірістік емес сала қаржысы
2.1- сурет. ҚР қаржы жүйесінің құрылымы
Халық (үй шаруашлығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес салаларымен қарым-қатынас жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |