Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін


- Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет36/39
Дата04.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#79095
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
дәріс тезисі

29- Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
30- Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастар.


Жоспар:
1. 80 ж аяғы мен 90 ж басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. КСРО-ның құлауы мен ТМД-ның пайда болуы.
2. ҚР–ның мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігінің жариялануы. ҚР конституция.
3. ҚР-ің сыртқы саяси доктринасының негізгі қағидалары мен бағыттары.
4. ҚР қазіргі заманғы кезеңде: ұзақ мерзімді жетістіктер және стратегияялық мақсаттар.

Екінші сұрақ бойынша Қазақстандағы саяси өзгерістердің барысы мен мәніне тоқталу- Қазақ ССР-ң егемендігі жариялануы мен ҚР-ң тәуелсіздік алуы, бұл процесс мен ҚР-ң тәуелсіздік алуы, бұл процесс орнауы мен дамуының негізгі кезеңдерінің негізгі оқиғаларын, басты заңды актілердің мазмұны мен олардың егемендікті тұрғызудағы ролі мен маңызын ашу.


Үшінші сұрақ бойынша –негізгі назарды Қазақстанның өзіндік сыртқы саясатын құру процесіне аудару керек-сыртқы саяси доктрина негізіне қандай қағидалар қойылды, сыртқы саяси қызметті құру барысында қандай ерекшеліктер мен қиындықтар болды-ең соңында Қазақстанның әлемдік қауымдастық тең мүшесі және ажырамас бөлігі болғандығы туралы қорытындылау қажет.
Лекция мағлұматтарын қазіргі күнге сай үнемі жаңартып отыру қажет, ақпарат құралдарының мағлұматтарын кеңінен пайдалану, интернетті сонымен қатар инновациялық технологияларды (электронды оқулықтар, аудио және видеожазылымдар, компютерлік тестілеу және т.б. ( қолдану қажет.
Көпшілік қоғамдық ұйымдар мен коммунистік партиялар жұмысында салмақты өзгерістер болды, Қазақстан халықтары ұлттық-мәдени орталықтарының жұмысы белсенділенеді. Қазақстан жазушылары кеңесінің мәселелері бойынша қоғамдық комитеттер құрылды, әр түрлі экологиялық топтар құрылды.
Ең алғаш көпшілік жалпыреспубликалық ұйым 1988 ж ақпанында құрыылған «Невада Семей» антиядролық қозғалысы болды. 1989 ж Тіл туралы Заң қабылданды. Заңға сәйкес Қазақ ССР-ң мемлекеттік тілі қазақ тілі болды, орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі статусына ие болды.
КСРО-да 90 басы әкімшілік-бұйрықтың жүйенің дағдарысы-ұлттық парадигманы жетілдіру белгісімен өтті, ұттық саясатпен қанағаттанбаушылық алдыңғы орынға республикалардың мемлекеттік егеменді мен тәуелсіздігі мәселесін шығарды. Бұл процесс ашық қақтығыстарға әкелген ұлтаралық қарсылықпен қатарласты. 1922 ж федеративті мемлекет ретінде құрылған КСРО-да іс жүзінде унитарлыға айналды, кеңестік, республикалардың ұлттық мемлекеттік жәнғе егемендік құқығы сақталмады. 80 ж аяғында КСРО-да қабылданған саяси жүйе реформалары ұлттық қозғалыстың одан бетер белсенділенуіне әкелді. Бұл уақытта кеңестік мемлекеттер өз егемендігін жариялай бастады. 1989 ж 18 мамырында Литва Кеңестік республикалардың алғашқысы болып егемендік жайлы Декларация қабылдады. 1991ж жазында КСРО-ның республикалардың көбі Кеңестік келісімді қабылдауды тездеткен егемендік Декларациясын қабылдады. Жаңа кеңестік келісімге қол қою тек біртұтас мемлекеті сақтауды ғана емес, сонымен қатар реалды федаратвті құрылымға көшуді білдірді. Бірақ 1991 ж тамыздың жағдай жаңа келісімге қол қоюды үзді және КСРО құлауын тездетті. ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің «ХХ1 ғасыр қарсаңында еңбегінде КСРО құлауының негізгі себебі ретінде: экономиканың өсіп келе жатқан технологиялық шешімін таппаған ұлттық мәселені атайды.
1991 ж желтоқсанда тәуелсіз мемлекеттердің кеңесін құру процесі жалғасты ең алдымен 3 республика басшылары 1922 ж КСРО-ны құру туралы келісімді жоққа шығарып, ТМД құру туралы жариялады. Содан кеін Ашхабадта болған кездесуде Орта Азия республикалары және Қазақстан көсбасшылары «Беловеж келісімін » қолдады. 1991 ж 20-желтоқсанда 11 республика басшылары Алматыда жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы протоколға қол қойды. ТМД құрамына кіру КСРО-ң бұрынғы республикалары үшін бірден-бір дұрыс шешім болды. ТМД ең алдымен экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынасқа негізделген аймақтық ірі ұйым болды.
Сонымен, 80 ж соңы -90 ж басы кезеңдік оқиғалармен белгіленді. КСРО саяси дағдарысы мемлекеттік егемендіктің жариялануына, мемлекеттік төңкеріске ұмтылуға, КПСС жойылуына, КСРО құлауына және ТМД құрылуына алып келді.
2. Тәуелсіздікке жету процесінде Қазақстан бірнеше тарихи кезеңдерден өтті:
I кезең -1989 ж қыркүйегінен-1990 ж сәуіріне дейін –Қазақ ССР-ң Жоғары Кеңесі басшысының-республиканың жоғары қызметтік тұлғасы институтын енгізуден-мемлекеттік басшысы ретіндегі Президент институтын құруға дейін. Бұл уақыт қоғамдық-экономикалық дағдарыстың тереңдеуімен, саяси-құқықтық қарсылықтардың өсуімен сипатталады. КСРО-ң экономикалық және мемлекеттік құлау жағдайында республиканың саяси және экономикалық өмірін тұрақтандыруға әсерін тигізген 1990 ж Қаз ССР-на президенттік басқаруды енгізу заңды болды, жоғары Кеңес сессиясында Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент орнын енгізу егемендікті қорғау және республиканы саяси, экономикалық дағдарыстан алып шығатын және тәуелсіздік құрудағы республика басшылығының уақтылы әрекеті болды.
II кезең -1990 ж 25 қазанынан 1991 ж 8- желтоқсанына дейін- Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияныі жариялануынан Ресей, Украина және Белоруссия арасындағы Беловеж келісіміне дейін, яғни КСРО құлауына дейін. Қазазқстан тәуелсіздігінің құрылуы барысындағы тарихи қадам-1990 ж 25 қазанында Қаз ССР Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация болады. 1. Қаз.ССР-і басқа республикалармен Егеменді Республикалар Кеңесіне өз еркімен біріге алатын егеменді мемлекет.
3. Декларация Кеңестік келісім құру үшін, жаңа Ата Заң және басқа да Республиканы егеменді мемлекет статусына көтеретін заңдық актілерге негіз болады. Декларация республикаға өз бетімен халықаралық қатынастар субьектісі болуға, сыртқы саясатты анықтауға және сыртқы экономикалық қызметтің сұрақтарын өз бетімен шешуге мүмкіндік берді. Аталған кезеңге басқа кеңестік республикаларға сияқты халықтардың ұлттық сана-сезісмінің күрт өсуі, әр түрлі саяси партияларыдың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметтерінің шұғылдануына тән.
90- ж басында Қазақстан Республикасында егемендікке қол жеткеннен кеін 1-ші орындағы тапсырмалар егеменді мемлекет құру, азаматтық қоғамның институтын қалыптастыру болды, тәуелсіз мемлекет белгілеріне сай келетін жаңа мемлекеттіліктің барлық элементтерін анықтау болды.
1991 ж. 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Қазақстан Президентінің сайлауы өтті оған Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1991 ж 10-желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақ ССР-н Қазақстан Республикасы атауына ауыстыру туралы Заң қабылданды.
III-кезең-1991 ж 16 желтоқсаннан 1992 ж соңына дейін. 1991 ж 16 желтоқсанында ҚР Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.
-Қазақстан өз территориясын, ұлттық байлығына қатысты жоғары құқығы бар, өзінің ішкі, сыртқы саясатын анықтайтын тәуелсіз, демократиялы, заңды мемлекет болып жарияланды.
Аталған уақыт Қазақстан азаматтығының біртұтастығын бекітумен белгіленді -1991 ж 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының азаматтығының туралы заң» қабылданды-республика территориясында тұратын азаматтарға бостандық пен барлық құқықтар кепілденді,сонымен қатар кеден қызметкері,салық қызметкері және қарсы-несиелік қызметтер кіретін экономикалық жүйе енгізілді.
1992 ж 5-наурызында Қазақстан БҰУ құрамына енді-біз жалпыадамзаттық мәселелер мен әлемдік істерге қатысуға мүмкіндік алдық.
1992 ж 4 маусымында ҚР мемлекеттік символдары: мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба,желтоқсанда-мемлекеттік Гимні бекітілді.
29 қыркүйекте Алматыда дүниежүзі қазақтарының 1-ші құрылтайы ашылды, 1992 ж желтоқсанда Қазақстан халықтарының форумы өтті. Ішкі саяси дамудың басты мақсаты халықаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталды.
Сонымен, республика жан-жақты дамуға барлық жағдайларды алған тәуелсіз мемлекет болды. Мемлекет тәуелсіздік статусын тек өзінің ішкі және сыртқы саясатын экономикалық және саяси дербес жүргізген жағдайда ғана алады. Қазақстанның құрылым және даму концепциясы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства » деген еңбегінде анықталды.
IV кезең 1993 ж 28 қаңтарынан басталып 1995 ж 6- сәуірінде аяқталды-бұл кезең Қазақстан мемлекеті демократиялығының маңызды кезеңі: 1993 ж 28-қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды, бірақ оны 2 жыл бойы қолдану –оның жүзеге асып жатқан шындыққа сай еместігін көрсетті, аталған Ата Заңда басшылық бұтақтары арасындағы текетірестік жағдайларды шешу бойынша механизм қарастырылмады. Экономикалық саяси, әлеуметтік өзгертулерді енгізу сот жүйесінің жетілмеуімен, әлсіз заңдық базамен тежелді: Экономикалық өмір процестерін басқаратын және жедел әсер ететін орындаушы басқаруды күшейтуге обьективті қажеттілік пайда болды,сонымен қатар мемлекеттік құрылым моделінде басқарудың жаңа президенттік формасы мен ескі кеңестік жүйе арасындағы қарама- қайшылық салынды. 1995 ж 6 сәуірінде ҚР-ң Констимтуциялық соты «1994ж 7 наурызда сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің легитимсіздігі туралы» қаулы бекітті. Осы қаулыға сәйкес 1993 ж Ата-Заңға қызметі негізделген Жоғарғы Кеңес Заңға қызметі негізделген Жоғағы Кеңес өз өкілетін жоғалтты.
Жаңа Ата Заң саяси дағдарыс кезінде қабылданды. Парламент таратылды, президент өкілетігі 1995 ж 20- сәуірінде бүкіл халықтық референдум нәтижесінде 2000 ж дейін ұзартылды. Қазақстан халықтары Ассасблеясы құрылды, оның 2-ші сессиясында жаңа Ата Заң туралы сұрақ қабылданды. Қалаптасқан жағдай да екіпалаталы Парламент құру мен ондағы президенттің ролі туралы сұрақ туындады.
1995 ж 30 тамызында ҚР-ң мемлекетті құрылысының жаңа кезеңі басталады, осы кезде 2-ші жаңа Ата Заң қабылдандф 1995 ж Ата Заңда уақыт талабына сай мемлекетті басқаруды ұйымдастыру, меншік және азаматтардың құқығы мен бостандығы есептелді. Ата Заң Қазақстан Республикасындағы президенттік басқару жүйесінің тағайындалу жағдайларын нығайтты. қазіргі Ата Заң біздің қоғамның негізгі жетістіктерінің бірі, және де реформалау кезіндегі басты тұрақтандырушы факторлардың бірі болып табылады. 1995 ж Ата Заң негізінде 1995 ж 9 желтоқсанында 2 деңгейлі Парламентке тұңғыш сайлау өтті. Жоғарғы палата-сенат, төменгі- мәжіліс.
1997 ж 10 желтоқсанда астана Алматы қаласынан Ақмолаға көшіріліді,1998 ж 6-мамырда ал Астана қаласы болып өзгертілді.
Жасалған саяси өзгерістер жас егеменді мемлекеттің даму негізі болды.2005 ж 18 ақпандағы мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында ҚР Президенті: «Біз тарихта тұңғыш рет біздің көпұлтты және көпдінді қоғамды және алдыңғы қатарлы шығыс азиялық мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, батыс демократиясының қағидалары бойынша тәуелсіз мемлкет құрдық. Қазақстандық мемлекеттік іске асты. Біздің ел өзінің саяси дамуы моделі бойынша әлемде танылған батыс демократияларының «жаңа » шығыстық демократияларға жақын. Бүгінгі таңда Қазақстан саяси жүйенің жаңаруының анықталған деңгейіне жетті, республикада қоғамды демократияландыру мен мемлекеттілікті нығайту процесі жалғасуда.
4. Егемендік алғаннан кейінгі жылдары республиканы тәуелсіз мемлкет ретінде орнықтыру, ішкі мәселелерге көп көңіл бөлу мүмкіндігін иелену үшін Қазақстанға әлемдегі өз орнын табу, бүкіл әлем мойындаған ел болу қажет болды. Ең алдымен келесідей мәселелерді шешу қажет болды: Қазақстанды тек халықаралық мойындауды қамтамасыз ету емес, сонымен қатар оның қауіпсіздігіне, территориялық тұтастығын; экономикалық микрошаруашылықтарға көшу немесе қослу.
КСРО құлағаннан кейін күшті қарама-қарсы 2 жүйенің орнына көпполюсті әлем келді. Географиялық жағынан біздің ел геосаяси орталықтар: Ресей,Қытай және мұсылман арасында орнықты. Одан бөлек ,Еуропа мен азия тоғысында тұрған қазақстан одан да оншақты орналасқан географиялық орталықтардың әсерін сезінеді. Бұл елдің сыртқы саясатының мазмұнын анықтады. Сонымен қатар мұндай жағдай потенциялды стратегиялық әсер береді.Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі қағидалары: басқа мемлекеттер егемендігін сыйлау, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпау, қарым-қатынастығы тең құқықтық, өзара сеім, саяси бағыттың көпвекторлығы, қақтығыстарды шешу құралы ретінде соғыстан бас тарту, территориялық тұтастықты мойындау болып табылады.
ҚР-ң сыртқы саясаттығы олар орны тәуелсіздік алған күнннен бастап өзгеріссіз қалып отыр: активті, жан-жақты сыртқы саясат. Тиімдісі-Қытай, Ресей, АҚШ-пен, Европалық Одақпен қарым-қатынастың дамуы. Төлеу Шығыс және Азия елдерімен қарым-қатынасқа көп көңіл бөлінді.
Қазақстан СНВ-1 келісіміне және ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылды. Бұл қауіпсіздік кепілін күшейтуге мүмкіндік берді. 1994-95 жж. Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Қытай, Ресей қазақстанға өзара қауіпсіздік кепілін берді.
1992 ж наурызында ҚР. БҰҰ-на енді Қазақстанның халықаралық валюта-қаржылық ұйымдарына: халықаралық валюталық қор, әлемдік банк, Европа даму және қайта құру банкі, Азия даму банкі, Имам даму банкі және т.б. қағидалы болды.
Сыртқы саясаттың маңызды бағыты гуманитарлы және мәдени қарым-қатынастар соның ішінде ЮНЕСКО-мен бірлестік болды (1992 ж) . Аймақтардағы мүшеліктің маңызы Еуропа қауіпсіздік және бірлесіп қызмет ету Ұйымындағы (ОБСЕ) , Еуропалық энергетикалық партиядағы ,Шанхай қызметтестік ұйымындағы (ШОС) республика жұмысының қатысу маңыздылығын көрсетеді. ҚР-сы ЕАС реформалануына көп көңіл бөледі. Елбасы Н. Назарбаевтың Азия сенім өлшемі мен өзара қарым-қатынас отырысын ( СВМДА) құру туралы ұсынысын БҰҰ мен Азияның көптеген елдер қолдады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемдік қауымдастың тең құқылы мүшесі болды. Біздің республиканың халықаралық қатаныстар географиясы барлық құрылықтарды қамтиды. Өз сыртқы саясатында Қазақстан әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере бастады. Қазіргі уақытта бұл ұлттық қауіпсіздікті күшейтуді қажет ететін халықаралық терроризм мен экстремизм қатері сондықтанда, сыртқы саясаттың маңызды бағыттарының бірі-ұлттық қауіпсіздікті, елдің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізінде ҚР-ң ұлттық- мемлекеттік мүддесі болуы тиіс. Қазақстанның гео-саяси жағдайы, экономкиалық және әскери саяси мүдделері Қазақстанның қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы орнын анықтады.
4. ҚР Президенті Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған сөз сөйлеуінде: «Осы жылдары ішінде біз бірнеше он жылға тең келерлік жолдан өттік Біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз бірлесе отырып, жаңа мемлекет құрдық ».
1997 ж қазанында ҚР Президенті Н. Назарбаев мемлкеттің стратегиялық 2030 ж дейінгі дамуын «Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыстық жақсаруы» атты жолдауын халыққа жолдады. Президент жолдауының негізін 7 ұзақ мерзімді мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиясы құрады:
1.Ұлттық қауіпсіздік, территориялық тұтастығын толық қамтамыз ете отырып, Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет ретіндегі дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси тұрақтылық .
3 . Ашық нарықтық экономикадағы шетел инвестицциялары мен ішкі жинақталымдардың жоғарғы деңгейіне негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен жетістіктері.
5. Энергетикалық ресурстар. Мұнай мен Газ өндіруді ұлғайту.
6. Инфро-құрылым, әсіресе көлік пен байланыс.
7. Мамандарылған мемлекет.
2005 ж 18 ақпанындағы елбасының Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару мәселелеріне арналған. ҚР Президенті Қазақстан дамуының он жылдық қорытындысын талдай келе, елдің халықаралық аренадағы және ішкі саясатындағы жетістіктерін баса көрсетеді: «Біз көп ұлтты және көпдінді қоғамды және алдыңғы қатарлы шығыс азиялық мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, батыс демократиясының қағидалары бойынша тәуелсіз мемлкет құрды.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмірдің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің әсерлі дамушы елдерінің қатарына кіруі тиіс. Біз бұған ұлт пен экономика бәсекеге қабілетті болғанда қол жеткізе аламыз.
Осыншама тарихи қысқа мерзімді үлкен жетістіктерге қол жеткізді: саяси жүйенің либерализациялануы мен жаңаруы, қазақстандықтар өмір сапасының жақсаруы, елдің сыртқы саясат қызметінің жемістілігі Елбасы жолдауында сыртқы және ішкі саясаттағы негізгі бағыттарды анықтайды, және де үшінші мыңжылдық қатерлері –есірткі тасымалдау, діни экстремизм, халықаралық терроризммен күресу үшін әлемнің барлық мемлекеттерінің интеграциялануын күшейту керектігін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет