Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


Этика - адам тәртібін реттеудің бір формасы. Іскерлік этика ережелері мен ерекшеліктері



бет17/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

1. Этика - адам тәртібін реттеудің бір формасы. Іскерлік этика ережелері мен ерекшеліктері
2. Заманауи жағдайында этикалық өзін-өзі ұстау және әлеуметтік жауапкершілік маңыздылығының артуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Этика - адам тәртібін реттеудің бір формасы. Іскерлік этика ережелері мен ерекшеліктері
Әрбір ұйымда белгілі бір тәртіп пен өз дәстүрлері қалыптасу арқылы сол ұйымның моральдық принциптері мен топ мәдениеті және этикасы қалыптасады. Адам баласы өмірде табысқа жету үшін этикалық нормаларды сақтау керек. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өмірдегі ең қажетті жағдай. Ал мұндағы басты реттеуші роль атқаратын – адамдарда қалыптасқан этикалық нормалар - әділеттілік пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық, дұрыс және бұрыс әрекеттер.
Әдептіліктің негізгі қағидасы – қоғамның рухани санасы арқылы қалыптасқан қарым-қатынас мүшелерінің тәртібін көрсететін адамгершілік талаптардың жалпы көрінісі. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша қазіргі заманғы этика үш түрлі маңызды ережеге негізделген:
1. Материалдық игіліктердің барлық түрін қалыптастыру – ең негізгі маңызды процесс.
2. Пайда мен табыс қоғамдық маңызды мақсаттардың нәтижесі екенін түсіну.
3. Іскерлік өмірде мәселелерді шешудегі маңызды жағдай өнім өндіруге ғана емес адамдардың өзара әдепті қарым-қатынасына да бағытталуы тиіс.
Мәдениеттілік – мораль, әдептілік, тәрбиелілік, адамгершілік туралы ілім. Мораль – отбасында, өмірде, саясатта, ғылымда, оқуда, еңбекте т.б. жағдайларда кездесетін этикалық құндылықтар жүйесі, яғни қоғамдық қатынастарды реттеуші әдіс-тәсілдер.
Мәдениеттіліктің маңызды категориялары: парыз, ар-ұят, әділдік, әрбір адамның жеке басының мәдениеті, қайырымдылық, мейірім, жауапкершілік, игілік (благо). Осы қасиеттер іскерлік этикада нақты көрінеді. Іскерлік этикасы дегеніміз – адамдардың өндірістік іс-әрекетін, қарым-қатынасын, түсінігі мен тәрбиесін реттеуші ережелер мен адамгершілік нормаларының жиынтығы. Іскерлік қарым-қатынастың негізі әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, арғы тегіне де байланысты.
Адамның жеке басының әдептілік мәселелері жөнінде зиялы қауым өкілдерінің тұжырымы:
- Әбу Насыр Әл Фараби – мінез-құлық ерекшеліктеріне көңіл аударып, ескеру, адам өзіне, басшыға талап қою қажеттілігін айтқан.
- Платон – адалдық, шындық, сергектікке көңіл аударған.
- Аристотель – адамдардың қабілетінің әртүрлілігіне,
- Сократ – адамгершілік сезім, тәрбиелілік пен рухани байлыққа.
- Конфуций – басқа адамдардың алдындағы парызын сезіне білуді.
- Абай – еңбек, адамгершілік, ғылым мен білімге ерекше көңіл аударып, адамның өмірінде осы аталған факторлардың маңыздылығын атап көрсеткен.
Қазақ халқы ежелден: «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», - деген мақалды бірінші орынға қойған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет