Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


сұрақ. Заманауи жағдайында этикалық өзін-өзі ұстау және әлеуметтік жауапкершілік маңыздылығының артуы



бет18/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

2 сұрақ. Заманауи жағдайында этикалық өзін-өзі ұстау және әлеуметтік жауапкершілік маңыздылығының артуы.
Іскерлік қарым-қатынастар этикасына нарықтық көзқарастардың екі түрі бар:
1. Прагматиктер – іскерлік қарым-қатынаста, бизнесте этика қажетсіз деп санайды. Олардың ойынша қоғамдық нормаларға бейімделу арқылы қалайда, қандай жолмен болмасын пайданы көбейту қажет. Этикалық нормаларды кедергі деп санайды. Ондай адамдар өнімнің сапасының халыққа зиян болатынына көңіл аудармайды. «Форд» компаниясы «Пинто» моделін шығармауға қарсы болған (тез жарылатын бензобакты ауыстыру компенсация төлеуден қымбатқа соғады). Экологияға зиянды құрылыстар мен өндірістер де этикалық нормаларға қарсы әрекет болып саналады.
2. Этикалық нормаларды сақтау тек адамгершілік парыз ғана емес, ол өндірістің болашақта дамуына, пайданың көбеюіне де ықпал ететін маңызды жағдай. Сондықтан «адалдық – ең үздік, әрі тиімді саясат» (честность – лучшая политика).
Іскерлік қарым-қатынас қызмет лауазымына байланысты әртүрлі болады:
1. Басшы (жетекші) мен қол астындағы адамдар арасында «жоғарыдан төмен» – (сізге басшының қалай қарағаны ұнар еді?) қарым-қатынас формалары: бұйрық, өтіну, сұрақ қою арқылы – (мұны қалай орындасақ болар екен?) – білімді қызметкердің еркіне салу (мұны кім орындай алады? ) сияқты мәселелерді ойластыру қажет.
2. Қол астындағылардың басшылармен қарым-қатынасы – «төменнен жоғары» - сіздің қарамағыңыздағы адамдардың сізге қалай қарағаны ұнар еді?
3. Басшылар арасындағы немесе тең қызметкерлердің өзара қарым-қатынастары – «көлденең».
Әлеуметтік катынастар – қоғамның белгілі бір бөлігінде қалыптасқан тәрбие деңгейі. Көптеген келісімдердің (70%) бұзылуының себебі адамдардың іскерлік қарым-қатынасы этикасы мен тәрбиелілігінің төмендігінен екені дәлелденген.
Дейл Карнеги қаржылық іс-әрекеттердің 15%-і кәсіби білімділігіне байланысты, ал 85%-і адамдардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуына байланысты екенін анықтаған.
Мысалы, Жапонияда жүздеген доллар этикет мәселелері мен тәрбиелілікті үйретуге жұмсалады. Кәсіпкерлік табыстың кілті – іскерлік этикетті білу, өзін мәдениетті ұстау, сөйлеу мәдениетін меңгеру, сонымен бірге сезім мәдениетін, еңбек мәдениетін сақтау болып табылады, чех, словак, поляктар, югославтар – кейбір қиындықтарын (мысалы, қымбатшылық) айту ыңғайсыз емес, керісінше сол қиындықтарды жеңу арқылы өмір сүру – іскерлік, мақтаныш деп есептейді.
Итальяндықтар іскерлік әңгімеде – қатты, қызу сөйлеседі. Адам мәдениетті, әдепті болу үшін иманды болуы керек, себебі, имандылық – адамгершілік пен парасаттылық кепілі.
Жапондықтар – мәдениеттілігін өздерін «төмендету» арқылы көрсетеді, («...Я, недостойный и моя ничтожная жена приглашаем вас, высокочтимого, в гости»).
Американдықтар ұнатқан адамын иығынан қағып жақсы көреді (жапондықтарға ұнамайды), қытайлықтарға достарына құшақ жаю ұнамайды. Киім кию мәнері, қоғамдық көліктерде өзін ұстай білу, телефон арқылы мәселелерді шешуге әдеттену де үлкен мәдениеттілікке жатады.
Жапонияда 3 минутта мәселені телефон арқылы шеше алмаған адамды жұмыста ұстамайды. Телефон арқылы сөйлесе білу де өнер. Іскерлік қарым-қатынаста ұсақ-түйек жоқ, әрбір іс-әрекет, сөз сөйлеу, көзқарас – бәрі де белгілі бір роль атқарады.
Адамдармен жұмыс істей білу қабілеті туа пайда болмайды, ол өмір тәжірибесінің, өзімен-өзі жұмыс істеудің нәтижесінде, білімнің нәтижесінде қалыптасады. Басшылықты жүргізу үшін біріншіден, басшыға тиісті құқы мен өкілеттілігі ықпал етеді. Осыны жүзеге асыру үшін менеджер ұжым мүшелерімен іскерлік қарым-қатынас орнатуы қажет. Мұнда, әрине тек бедел мен лауазым ғана емес, басшының біліктілігі, қабілеттілігі, жеке басының үлгісі маңызды роль атқарады.
Бұл жағдайда басшылық этикасына, басшы мәдениетіне көңіл аудару керек:
1. Сөйлеу мәдениеті - өз ойын сауатты, айқын жеткізе білу, дауыс ырғағы (айта білу, тыңдай білу).
2. Еңбек мәдениеті – жұмыс уақытын тиімді, ұтымды ұйымдастыра білу.
3. Мінез-құлық мәдениеті – этика, эстетика, сыртқы мәдениеті мен ішкі мәдениетінің сәйкестігі.
4. Сезім мәдениеті – эмоцияны, қол қимылын, бет қимылын тежей білуі. Басшы өресі басқалардан әлдеқайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі, өнегесін көрсете білуі тиіс.
5. Сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білуі, сынаудың орнын, тәсілін ойластыру, дербес ерекшеліктерін ескере отырып, жекелей сынау.
6. Киіну мәдениеті – күнделікті жұмыста әдемі әрі ықшам киіне білу, әртүрлі салтанатты жиындарда сәнді киіну, іскерлік қабылдауларға барғанда әртүрлі адамдармен кездесуде киіну мәдениетін сақтау
Экономикалық, іскерлік қарым-қатынас пен табысты ұлғайту жолында мәдени дәстүрлер ережелерін сақтауға тура келеді. «Адамгершілік қағидаларын меңгермеген адам, жол жүру ережелерін білмейтін жүргізушімен тең».

1

5 дәріс. «Коммуникациялар».

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет