4. Үздіксіздік - еңбек ұжымы өзі қабылдаған шешім бойынша міндеттерін динамикалы түрде үздіксіз орындауы шарт.
5. Ырғақтылық – белгілі бір уақыт аралығында орындалатын жұмыс көлемі, сол қарқыннан төмендемей, қайталанып отыруы тиіс.
6. Жеделдік – басқару жүйесін жетілдіру барысында талданған мәселелер бойынша дер кезінде шешім қабылдау.
7. Икемділік – басқару жүйесі кез-келген өзгерістерді қабылдап, жұмысты үзіліссіз жалғастыруға бейім болуы қажет.
Осы аталған қағидалар бір-бірімен тығыз байланыста бірін-бірі толықтыра отырып әрекет етуі тиіс.
Ұйымның құрылымы жұмысты кездейсоқ бөлу арқылы емес, тікелей және көлденең еңбек бөлінісі арқылы жауапкершілігіне, мамандығына, салаларына сәйкес пайда болады.
Құрылымның түрлері: 1. Линиялық құрылым – тікелей еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Мұндай құрылымда басқарудың барлық қызметтері басшының өкілеттілігінде болады, кейінгі органдар тек басшыдан ғана тиісті нұсқауларды алады, яғни бұл құрылымда басшы басқарудың барлық қызметтерін дербес атқарады.
2. Функционалдық құрылым – көлденең еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Басқару функцияларын бірнеше басшылар әрбір сала мен мамандықтарына қарай жүргізеді.
Артықшылықтары: 1. Іскерлік және кәсіптік мамандануды ынталандырады.
2. Іс-қызметтегі бір-бірін қайталауды және заттық ресурстар тұтынылуын қысқартады.
3. Функционалдық іс-қызметтерді іске асыруда үйлестіруді жақсартады.
Кемшіліктері: Бөлімшелер, әрқайсысы өздерінің мақсат, міндеттерін бірінші кезекте іске асыруға күш салады, сол себепті орталық мақсат, міндеттер жеке мақсат, міндеттердің көлеңкесінде қалу мүмкіндігі бар. Ол ішкі келіспеушілікті туғызады.
Аталған құрылымдардан басқа да құрылымның түрлері бар, олар – штабтық құрылым, матрицалық құрылым және дивизиондық құрылымдар.
2 сұрақ. Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін әрі ішкі және сыртқы факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу керек.
Ең қолайлы құрылым – бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш-жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрлым. Басқару құрлымын қалыптастырған кезде мындай теориялық көзқарастар, тұжырымдар (конципциялар) болуы мүмкін.