Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет41/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

Күнделікті бақылау – жұмыс барысын қадағалау. Яғни, бүкіл жүйе бойынша кері байланысты қамтамасыз ету нәтижесінде күнделікті бақылау арқылы белгіленген жоспар мен нұсқаулардан ауытқуына жол берілмейді.
Күнделікті бақылау жұмыс барысында жүзеге асырылады, оның обьектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшы. Бағынышты адамдарын жұмысын ұдайы тексеру. Ол жұмысты жетілдіру мақсатында туындаған проблемалар мен ұсыныстарды талқылау белгіленген жоспарлар мен нұсқаулардан ауытқұға жол бермейді.
Күнделікті жұмыс нақты жұмысты орындаумен бір мезетте жүргізілмейді, оның өзі жұмыс орындағаннан кейінгі нақты нәтиженің өлшемін білуге, ойлаған мақсатқа жетуге негізделген. Осы бақылауды жүзеге асыру үшін оған кері байланыс қажет. Кері байланыс жүйесі - алынған нәтижелер туралы деректер. Кері байланыстың қарапайым мысалына басшының қарамағындағы адамның қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы хабарын айтуға болады. Кері байланыс жүйесі басшыға көптеген күтпеген проблемаларды айқындауға, соған сәйкес тиісті шаралар қолдануға, қойылатын мақсаттан ауытқуларды дер кезінде болдырмауға мүмкікідік береді.
Кері байланыстын барлық жүйесі (биологиялық, ұйымдық) бірден – бір іргелі элементтерден тұрады, әрі бірден – бір принциптермен жұмыс істейді. Кері байланыстың барлық жүйесінде:
  • мақсаты болады;


  • сыртқы ресурстарды пайдаланады;


  • сыртқы ресурстарды ішкі ресурстарға пайдаланады,


  • белгіленген мақсаттың едәуір ауытқуын қадағалайды;


  • белгіленген мақсатқа жету үшін осы ауытқуларға түзету енгізеді.




Қорытынды бақылау – қорытынды бақылаудың нәтижесі алға қойған мақсатқа қалай жеттік, нені үйрендік, алдағы уақытта не істеуге болатындығын көрсетеді.
Мұның екі маңызды қызметі бар:
Бірінші қызметі: егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда, қортынды бақылау басшыға ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыру арқылы басшының жоспардың қаншылықты дәл жасалатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Екінші қызметі мотивацияға ықпал етеді. Егер ұйым басшысы мотивациялық көтерелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда әрине, нақты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бағалау қажет.
Сонымен кез келген жобаның кезеңдегі жұмыстың ақталу нәтижесін бақылау артқа сондай-ақ алға зер салудың, әрі келесі сұрақтарға жауап берудің негізгі болуы тиіс:
  • біз нені үйрендік?


  • Келесі жолы қалайша басқаша істеуге болады?


  • Белгіленген межеден ауытқу себебі неде?


  • Жаңа мақсатты ойластыру үшін қандай тоқтамаға келу қажет?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет