4 сұрақ. Бақылаудыұйымдастыру формалары Бақылауды жүзеге асыруға басшысы тікелей жауап береді. Бұл қызмет оның негізгі міндеті. Бақылай білудің де зор маңызы бар. Кейде жөн-жоқсыз бақылау салдарынан басқа біреудің жұмысына кигілу, наразылық тұғызу кездеседі. Кімде-кім бақылауды талапқа сай жүргісі келсе, ең әуелі ол өзін- өзін бақылауы, өрескел қателіктерге жол бермеуі тиіс.
В.Зигерт пен Л.Ланг наразылық тұғызатын жеті түрлі қатені атап көрсетті:
1. Бақылау қақтығыспен шектелмеуі тиіс.
2. Жаппай бақылау ұқыпсыздыққа ұшыратады.
3. Жасырын бақылау реніш тұдырады.
4. Тек жауапты учаскені бақылаумен шектеуге болмайды.
5. Сенбегені үшін бақылауға болмайды.
6. Бақылау сырт көзге көріну үшін істелінбейді.
7. Өз қортындыңды іште сақтама.
Мінез–құлық ғылымының өкілі Ньюмен бақылау тиімділігін арттыру үшін менеджерлерге бірнеше ұсыныс айтады:
Бақылаудың мақсаты-нәтижелік. Мәліметті жинау және оның дұрыс екендігін жариялау осы мақсатқа жетуі. Бақылау қарапайым болуы тиіс. Бақылаудың қарапайым түрі жеңіл, әрі тиімді. Бақылау тиімді болу үшін ол адамдардың мүмкіндіктеріне сай болуы керек. Бақылаудың тағы бір сипаттамасы– үнемділік.
1
№ 11 дәріс. «Топтық динамика».
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Шағын топ және ұжым.
2. Кіші топтың түрлері.
3.Топпен ұжым арасындағы қарым –қатынас.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Топ түсінігі. Формальды және формальды емес топтар. Хоторн эксперименттері. Хоторн экспериментінің қортындылары. Хоторн әсері.
Формальды емес ұйым және оның формальды ұйымнан айырмашылығы. Формальды емес топтар мен ұйымдарға адамдардың кіру себептері. Формальды емес ұйымның сипаттамалары. Формалды емес ұйымдарды басқару. Дж.Хоманс моделі. Формальды емес ұйыммен байланысты қиыншылықтар мен пайдалар. Топ жұмысының тиімділігіне ықпал жасайтын факторлар. Жиналысты тиімді өткізу туралы кеңестер. Өкілеттер және комитеттер. Комитеттер көмегімен басқару.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар