3 сұрақ. Бақылау процесі. Бақылау процесінің кезендері. Бақылау процесі үш кезеңнен тұрады:
стандартты белгілеу - жұмыс нәтижесінде жететін нақты көрсеткішті , мақсатқа жету дәрежесін білдіреді;
алынған нәтижені стандартпен салыстыру – жеткен нәтиже деңгейінің белгіленген өлшемге сәйкестігі,;
қажетті шаралар қолдану - ештеңе қолданбау, себептерін анықтап,ауытқуды жою немесе стандартты қайта қарау. Бақылауды басқару процесінің соңғы кезеңі деп санауға болмайды , себебі, бақылау барысында қабылданған шешімдер менеджменттің басқа функцияларында пайдаланылуы мүмкін, яғни басқару процесі бақылаумен тоқталмайды, әрі қарай жалғаса береді. Менеджерлердің жұмысы сол жұмыстың нәтижесімен және тиімділігімен бағаланады.
Бақылаудың өлшемі – стандарт, норматив, жоспар, бағдарлама.
Стандарттарды белгілеу.Бақылауға пайдаланатын барлық стандарттар ұйымның мақсаты мен стратегиясына орай таңдап алынуы тиіс. Бақылау үшін стандарт ретінде пайдалануға болатын мақсаттардың маңызды екі ерекшелігін атап көрсетуге болады. Олар уақыт аясының болуымен, сол уақыт аралығында жұмыстын орындалуымен сипатталады, сол арқылы жұмыстың орындалу дәрежесін бағалауға болады.
Нәтижелік көрсеткіштері түскен пайда, сату көлемі, материалдар құны болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш сандық өлшеммен беріледі. Мұндай жағдайда арнайы тексеру, сұрау салу арқылы жұмыскерлердің рухани деңгейі мен хал-ахуалы туралы мәлімет алуға болады.
Қол жеткен нәтижені белгіленген стандарттармен салыстыру процесінің екінші кезеңі, сол арқылы менеджер қол жеткен нәтижелердің алдын ала күтетін нәтижелермен сәкес келуін, әрі стандартқа сай келуін немесе одан ауытқуын айқындайды. Бақылаудың осы кезеніңде тиісті баға беріліп, оның өзі тиісті шешім қабылдауға негіз қалайды. Мұндағы мақсат ауытқу ауқымын, өлшемін, нәтижелерін, мәліметтердің берілуін анықтау және оны бағалау.
Жоғары буын басшылары мүмкін болатын ауытқуды, сол арқылы алынған нәтижесінің белгіленген нәтижеден ауытқуы қауіп - қатер тұғызбауы тиіс. Шағын бизнесмендер де осылай жұмыс істеуі мүмкін, алайда оларда ауытқу ауқымы шамалы болады.
Егер ауытқу байқалған жағдайда, сол ауытқулардың себебі анықталса онда ұйымды жоспарланған іске қайтару шараларын қолданып, ауытқуды жояды. Түзету енгізуді бір ішкі ауыспалы факторлардың мәнін жақсарту, басқару қызметін немесе технологиялық процестерді жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Стандарттар жоспаға негізделеді, ал мұның өзі болашақ болжамы ғана болып саналады. Бақылаудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін ерекшелік принціпі бойынша бақылау тәсілін қолданады, мұндайда стандарттан едәуір ауытқу байқалғанда ғана бақылау жүйесі іске асады.
Бақылаудың тиімділігін қамтамассыз етуде мәліметтерді берудің және таратудың зор ролі бар. Бақылау жүйесі тиімді әрекет етудің міндетті түрде жұмыскерлерге белгіленген стандарттарды, қол жеткен нәтижелерді хабарлап отыру қажет. Бұл мәліметтер дәл болуы, уақытында келіп түсуі және де қажетті шешімдер мен әрекеттер жасау үшін басшыларға дер кезінде беріліп отыруы керек. Яғни, стандарттар қызметкерлерге барынша түсінікті болуы тиіс.
Бақылаудың өндіріс салалаларына байланысты бірнеше түрлері болады:
- қаржылық бақылау, шикізаттың, өнімнің сапасын бақылау, еңбек ресурстарын бақылау ж.т.б.
Істің анық-қанығын толық білетін, сол іске білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі-өнеге көрсете алатын адам ғана бақылау жүргізе алады.