Адамның қалыптасып, өмірге келуіндегі еңбектің рөлі.
Адамзат қоғамының қалыптасуындағы тілдің рөлі.
1
№ 8
дәріс.
Өмір және өлім. Өмірдің мәні Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Іргелі философиялық мәселелердің өмір және өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы.
Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім. Адам қажеттіліктерінің пирамидасы. Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзат ...».
Дүниежүзілік философия тарихында ХҮШ-ХІХ ғғ. классикалық неміс философиясы ерекше роль атқарады, оның идеялары әлемдік мәдениет пен өркениеттіліктің дамуына аса маңызды өсерін тигізді. Дүниеге көзқарастық мәселелерді дұрыс қойып, терең теориялық талдау жасауы оның жалпы адамзаттық құндылығын арттырды.
Неміс классикалық философиясы И.Кант, И.Г.Фихте, В.Ф.Шеллинг, Г.Гегель, Л.Фейербах аттарымен белгілі. Олардың әр қайсысы ерекше тұлға және ойшыл. Ілімдерінің әртүрлілігіне қарамастан олардын белгілі - бір идея мен принципке жақындығы оларды біріктіреді де. Классикалық неміс философиясының жалпы белгілері мынандай:
1 . Философияның мәдени құбылыс ретіндегі адамзат тарихындағы ерекше ролін түсіну.
2. Гуманистік құндылықтың, шыны еркіндік идеясын алға тартып негіздеуі. Неміс философтары еркіндіктің көрінуінен адамзаттың қоғамдық және мәдени прогресінің өлшемін тапты.
3. Диалектиканың тұтастық концепциясын жасау, диалектикалық ойлау және тануды жетілдіру. Диалектика материалдық және рухани, қоғам мен табиғат дамуының әмбебап құралы ретінде танылды.
4.Неміс классикасикалық философиясында идеялар мен ұғымдардың біртұтас жүйесі жасалынған. Гегель философиялық білімнің тұтас бір саласын жасаған, оған табиғат философиясы, логика, тарих философиясы, құқық философиясы т.б. енгізілген.
Классикалық неміс философиясының негізін салушы И.Кант (1724-1804). Оның шығармашылық жетілуінде 2 кезең бар: сынға дейінгі және сын кезеңі. Бірінші кезеңде Кант материалистік тұрғыдан көбіне табиғаттану ғылымы және натурфилософиялық мәселелерді талдайды. Ол космология, физика, математикада бірталай жаңалықтар ашады. Кант жер тарихында толқын судың көтерілуі мен кері қайтуының ролі, планетаның тәулік айналымының бәсендеуі сұрақтарын қойды.
Кант шығармашылығының екінші кезеңі ақылды, адамның тану мүмкіндігін сын тұрғысынан талдауға арналып, жалпы және қажетті білімді алу жағдайын анықтауға бағытталған. Бұл кезеңде ол үш танымалы сын еңбектерін жазды: "Таза ақылды сынау", "Практикалық ақылды сынау", "Пікірдің мүмкіндігін сынау". Танымды зерттеу Кантты априориялық (тәжрибеге дейінгі) білім формалары бар дегенге жеткізеді. Танымды сезім, ес, ақыл сфераларына бөледі. Априориялық формаларға сезімдік танымда кеңістік пен уақытты, естегі категорияларды жатқызады. Ақыл, өмір сүру, құдай, жан мен еркіндік мәселелерін түсінемін деп шешілмейтін қайшылықтарға (таза ақылдық антиномияларына) тап болады. Антиномиялардың тууы танылмайтын дүниенің (ноумендер, өзіндік зат) бар екендігінің куәсі. Канттың сын философиясының қорытындысының бірі агностицизмді қабылдауы.
Жалпылай келгенде Канттың философиясына екі жақтылық тән. Табиғаттың объективті өмір сүруін мойындағанда ол материалист, танымның априориялық формаларын мойындағанда ол идеализмге өтеді, агностицизимді жақтайды.
Канттың сыни философиясын дамыта отырып Фихте (1762-1814) философияны қатаң ғылым ретінде құруға ұмтылады. "Өзіндік зат" ұғымынан туған Кант философиясындағы қайшылықты тауып, Фихте ойдың қатаң тізбектілігіне ұмытылады. өз теориясының бастапқы нүктесі етіп ол белсенді рухани субстанция "абсолюттік менді" қабылдайды, ол өзінің санасыз интуитивтік әрекетімен өзін (менді) және қарсы (мен-емес) табиғатты, дүниені туғызады. Бұл субъективтік идеализм, онда қоршаған дүние, табиғат сананың жемісі болып саналады. Соның шеңберінде Фихте диалектикалық ойлау әдісін дамытады, қайшылықтың дамудағы ерекше ролін көрсетеді. Еркіндік мәселелесін зерттеп, Фихте өз еркімен қоғамдық қажеттілікке бағынып, құқты мойындаған әрекет еркін екенін айтады.
Шеллинг (1775-1854) Фихтенің субъективтік идеализімін сынап талдайды. Табиғат - сананың туындысы емес, субъективтік пен объективтіктің абсолюттік теңдігі, осы пікір оның натурфилософиясының бастапқы нүктесі. Табиғатпен ақыл, материя мен рух тең, олар тек абсолюттік ақылдың әртүрлі көріністері. өзінің натурфилософиясында Шеллинг табиғаттың түбінде орналасқан ақылды бастаманы тауып, оның төменгі санасыз формалардан жоғарғы санаға көтерілу эволюциясын анықтауды мақсат санайды. Егер натурфилософия рухтың табиғаттан туғанын көрсетсе, Шеллингтің натурфилософиясының маңызы қайшылықты дамудың көзі ретінде қарайтын диалектикалық ілім.
Классикалық неміс идеализмнің қортындысы мен шыңы Гегельдің (1770-1831) философиялық жүйесі. Оның бастапқы нүктесі-ойлау мен болмыстың теңдігі. Шеллингтен айырмашылы бұл теңдік толық айқындалмаған бірлік емес, іштей айырмашылығы бар қайшылық, ол келесі дамудың негізі болады. Даму процесін Гегель идеяның өзіндік дамуы деп санайды. Өз жүйесін ол үштік принципте, үш кезеңдік айналмалы даму ретінде анықтайды. Өзіндік даму процесін Гегель ішкі қайшылықтардың пайда болуы және шешілуі түрінде көрсетуге тырысады. Философия абсолюттік идеяның өзіндік даму процесін логикалық формада суреттеп диалектикалық логика кейпіне түседі. Осыған байланысты оның басты еңбегі "Логика ғылымы" аталады. Гегель философиясы-диалектика заңдары мен категорияларының жүйесі, бірақ материалдық дүниенің емес, идеяның өзіндік даму процесін қарастырады. Бүл тиянақты объективтік идеализм.
Гегель философиялық жүйеде дүниежүзілік ақыл-ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Диалектикалық әдісінде ол қозғалыстың дамуының үздіксіз екенін үйретті. Осыдан шығатын қортынды:
а)философиялық жүйесі метафизикалық және идеалистік,
б)әдісі диалектикалық.
Гегель философиясы іштей қайшылыққа толы. Егер оның диалектикасы шексіз дамуды мойындаса, оның теориялық жүйесі сол дамуды шектеп отырады. Танымның шексіз дамуы туралы диалектикалық идея Гегельдің өз философиясын барлық философияның соңы деуіне, пруссиялық монархияны адам қоғамының тарихының ең жоғарғы шыңы деп санауына қарсы келеді. Бұл Гегельдің әдісі мен жүйесінің қайшылығы.
Людвиг Фейербах (1804-1872) немістің классикалық философиясын аяқтайды. Оның еңбектерінің маңызы идеализм мен дінді сынап материализмді жаңғыртуында жатыр. Оның философиясының ортасында адам тұр (антропологиялық материализм), бірақ ол әлеуметтік емес, табиғи жан. Таным мәселесін қарастырғанда Фейербах агностицизмді сынайды, дүниенің танылуын қолдап, түйсікті объективті өмір сүретін дүниенің бейнесі санайды.
Табиғатты түсіндіргенде материалист болып, Л.Фейербах қоғамдық-тарихи дамуды, этиканы түсіндіргенде идеалистік көзқараста қалады.
Оның ілімнің гуманистік сипаты қоғамда жаңа дінді құрып, ол діннің адамдардың сүйіспеншілігіне негізделуін қалауы. Негізгі кемшілігі - Гегельдің диалектикалық ілімін дұрыс бағаламауы.