Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары



бет17/30
Дата19.06.2022
өлшемі146,5 Kb.
#37074
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Д ріс тезистері № апта Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі

Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. И. Канттың сыни философясының мәні мен маңызы.

  2. И.Канттың «өзіндік зат» ұғымы.

  3. В.Шеллингтің натурфилософиясына жалпы сипаты.

  4. Гегель философиясындағы диалектика мәселесі.

  5. Г.В.Ф.Гегель философиясындағы жүйе мен метод арасындағы қайшылық.

  6. Л.Фейербах философиясындағы адам мәселесі.

1

№ 9-10
дәріс

Этика. Құндылықтар философиясы
Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері. Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары). Пайдалылық пен принциптер. Құндылықтық сана табиғаты. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары. Ұрпақтық дискурсдағы этикалық құндылықтары. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі. Саяси этика. Зорлық. Толеранттық. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.
ХIХ ғ. Батыс Европа философиясын классикалық емесфилософия деп те атайды. Бұл кезең рационалдылықтан айырылып, иррационалдылыққа бет бұрған уақыт болып табылады.
ХIХ ғ. Батыс Европа философиясы негізгі үш философиялық бағытта дамыды:
1)Марксизм (негізін қалаушы К. Маркс)
2) Позитивизм (негізін қалаушы О. Конт)
3) Иррационализм (өкілдері А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, С. Кьеркегор).
Марксизмнің философиялық идеясының мәні: 1 Диалектиканы материлистік тұрғыдан өңдеу. 2.Практиканың материалистік идеясы. 3.Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
Олар Маркс пен Энгельтің «Неміс идеологиясы», «Коммунистік партияның манифесі», «Философияның қайыршылығы», «Фейербах туралы тезистер» т.б. еңбектерінде берілген.
Позитивизм-«дұрыс пікір» (лат.-розігіүез) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты толып жатқан, алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше,әрбір ғылым-өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Позитивизмнің мақсаты-солардың тек дұрысын, пайдасын қабылдап, пайдасызынан, күнделікті тіршіліктен тыс ойлардан арылу. XIX ғ. аяғы-ХХ ғ. басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды. Ол-эмпериокритицизм. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс обьективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы. Эмпирокритицизм позитивизмге оциализм, коммунизм) толық түрде практикаға енгізуді мақсат тұтты.қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Эмпирокритицизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ , барлық дүние-біздің сезіміміздің нәтижесі.
Осы бағыттың тағы бір өкілі - З.Фрейд. Ол философияда психоанализ ілімінің негізін қалады. Фрейд сананы мүлде жоққа шығармайды.Сананың көмегімен әрбір жеке адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің «мен екенін» пайымдайды. Санасыздық пен саналылық бірге жүреді, айырмашылығы жарық пен қараңғылық секілді.Фрейдтің пікірінше, классикалық неміс философиясы сананы көтерілсін деп, ақылсыздықты бүтіндей өмірден сызып тастады. Неопозитивизм XX ғ. 20-жылдары пайда болды (өкілдері Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филипп Франк т.б.). Мақсаты: ғылыми білімді қатаң логикалық жолмен негіздеу. Неопозитивизм әсерінен символикалық, математикалық логика пайда болды. Неопозитивистер ғылыми сөйлемнің екі жолы бар дейді: а) эмпирикалық және б) логикалық-математикалық.
А.Шопенгауэр, оның басты еңбегі-«Дүние - ерік пен елес» деп аталды.1818. Ол уағыздаған «Өмір философиясы» оның басты мақсаты болған. А.Шопенгауэрдің пікірінше, ерік, яғни адамның нәпсісі, делебесінің қозуы, қобалжуы, әрекеттік процесстер-ерекше, барынша дербес, адамдардың саналы іс-әрекетінен тыс тұрған және бәрін басқаратын күш. Оның пікірінше, ақыл-жалған тұрлаусыз құбылыс.А.Шопенгауэр саналылықты жан-жақты сынап, оны жоққа шығарады.Оның орнына ол ерікті, қара күшті алға тартты.
Ф.Ницше алғашқында Шопенгауэрді қолдаған, кейіннен «биікке жету еркі» теориясын уағыздаған. Ницше буржуазиялық қоғамды оның руханилықсыздығы, моральсыздығын сынға алады да, екінші жағынан,шектен тыс құдіретті күші бар жоғарғы адамды дәріптеді. Ницшенің пікірінше, әлем-хаос. Тарихтың бастамасы да, ақыры да жоқ. Әлемге мән беретін, қозғалысқа келтіретін сияқты шектен тыс жоғары адам. Ницшенің басты еңбегі «Жақсылық пен жамандықтан тысқары жоқ»..
XX ғ. - XXI ғ. қарсаңындағы батыстық философияның негізгі бағыттары. Персонализм (лат. регопа - түлға) - қазіргі замандағы діни философиядағы маңызды ағымның бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған. жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды "жеке дербес индивид" ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н.А.Бердяев, Л.Н.Шестов, Н.О.Лосский, Америкада Б.Боун және Дж.Мунье, Ж.Лакруа, П.Ландсберг т.б. дамытып отырды.
Структурализм - объектінің тұрақты байланыстарының жиынтығын қамтитын құрылым ұғымына негізделінеді. Онда кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, құрылымның сақталатының мойындау жатыр. Структурализм адам - субъект және оның бостандығы деген қазіргі кезде тарап кеткен гуманистік түсініктерге қарсы шықты: Бостандық тек қана фикция, ол тірі және өлі дүниедегі жалпы құрылымдарға тәуелді, әлеуметтік және мәдени өмірдің тарихи жемісі.
Поструктурализмнің өкілдері: К.Леви-Стросс, М.Фу Ко, Ж.Лакан, Р.Барт, Л.Альтюсер.
Герменевтика (гр.- түсіндіру). Бұл ілім мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең мағнасында адамның рухани дүниесін түсіну болып саналады.
Герменевтиканың философиялық бастауын жасағандар Ф.Шлегель, Ф.Шлейермахер.
Бұл ілімді ары қарай дамытқан және зор әсер көрсеткен ойшылар В.Дильтей, Г.Зиммель, Э.Гуссерль, М.Шелер, Э.Бетти, Г.Г.Гадамер, М.Ландман, қазіргі өкілі Г.Рикер т.б.
Біздің ғасырдың 60-70 жылдары постпозитивизм ағымы дамыды, оған ағылшын философы К.Поппердің идеялары әсер етті. Позитивист Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабенд және т.б. ғылыми білімнің дамытын мазмұнын анықтайтын түрлер мен әдістерді іздестіруді міндет санады. ғылымның методологиясы мен философиясында олар "тарихи мектеп" құрып, ғылымның логикасы тек оның дамуының теориясы болуы мүмкін деген қорытынды жасады. Сонымен қатар олар ғылыми танымдағы әлеуметтік-мәдениеттік және кісілік-көзқарастық факторларды зерттеуге көп көңіл аударды.
Постпозитивистердің пікірінше ғылыми білімнің мақсаты объективтік ақиқатқа жету емес, белгілі - бір міндетті, мысалы, жәй және нақты теория құрастыруды орындау. Ақиқат ұғымын сенім, мүдде және т.б. алмыстырылады. Экзистенциалистер XX ғ. күйзеліс және қауіп ғасыры деп сипаттайды. Экзистенциализст француз Камю біз өмір сүретін дүниені абсурдты (ойға симайтын) деп санайды. Осы кездегі философиялық ағындарда әлеуметтік пессимизм кең таралады. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақылдан және адамның қоғамдық табиғатынан ажыратып қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет