а) шауашылықтың өзіндігі;
б) адамның жеке басына байланысты;
в) табиғат факторларына байланысты.
Пайда болу себебіне қарай: а) болашақтағы; б) әріптестер әрекетінің белгісіздігі; в) мәліметтердің жеткіліксіздігі.
Шаруашылық тарапындағы ішкі және сыртқы себептерден туындайтын қауіп-қатерді зерттеудің елеулі мәні бар. Әрбір жағдайда басшы қабылдаған шешімді жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болатын ұтыс пен ұтылысты таразылайды. Мұндайда шешімнің әр түрлі варианты, параметрлері, соның ішінде болмаған сандық бағасы бойынша салыстырылады да содан кейін оның ең қолайлысы таңдап алынады.
Талдау нәтижесінде қолайлы нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін, қауіп-қатерді барынша кемітетін вариантты іздестіруге болады. Талдау барысында тәуекел ету дәрежесіне баға беріледі. Мұнда ықтималдық пен зардаптың сандық мәні, сондай-ақ мүмкін болатын қауіп-қатер айқындалады. Осылайша қалыптасқан нақты жағдайда қауіп-қатерді меңгеретін мәліметтер аламыз. Әуелі қауіп-қатер объектісі, содан кейін қауіп-қатер орны, оның себептері айқындалады. Содан кейін қауіп-қатерге баға беріледі.
1
№ 7 дәріс. «Жоспарлау».
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Басқару функциясының ұғымы 2. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері 3. Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері. Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Басқару функциясының ұғымы Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару дегеніміз ұжымға және жеке адамдарға, олардың жұмыс процесіне мақсатты, жүйелі ықпал ету. Басқару функциялары, бұл –басқару процесі болып табылады, яғни басқару іс-әрекеттерін жүзеге асыру деген сөз. Басқару процесі дегеніміз бұл - шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Басқару процесінде кім не істеу керектігін анықтап, шешім шығару қажет, оны орындау үшін жағдай жасап, қалай орындау керектігін айтып, түсіндіріп, жұмыс барысында пайда болған кемшіліктерді жою керек.
Әрбір ұйымда көздеген мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады, ол барлық салаларда жүзеге асуы керек.
Ұйымда әртүрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұйымдарға қатысы бар. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, оны жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми - техникалық прогресті арттыру, ұжымның әлеуметтік дамуы, жоғарғы еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, адамдарды, қоршаған ортаны қорғау және жақсарту.
Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал етуі-бір мақсатқа жетуге қажетті әрекет пен шешім, басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.
Ұйымның мақсатын орындау үшін сыртқы орта мен ішкі мүмкіндіктердің байланысы арқылы нақты міндеттерді жүзеге асыратын басқару ісінің ерекше түрі – менеджменттің функциялары деп аталады.
Іскер менеджер көздеген мақсатына жету үшін басқару функцияларын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқару процесі жүзеге асу үшін мынандай негізгі функциялар орындалуы қажет: 1. Жоспарлау; 2. Ұйымдастыру; 3. Мотивация; 4. Бақылау