Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет34/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

3.Бақылаудың өрістеу принципі.Бір адам тиімді басшылық ете алатын бағынышты адамдар санын, яғни басқара алу нормасын дұрыс анықтау қажет.
4.Қызметтік нақты шектеу принципі.Әрбір өндірістік және қызметтік буынның айқын белгіленген жұмысы болуы, басқа бөлімшелердің қызметіне басшылықтың барлық деңгейде араласпауы тиіс.Мұндай жағдайда диалектикалық қызмет тұтастығы мен басқару құрлымы бөлімдерінің, бюроның және басқа да ұйымдық бөлімшелердің белгілі бір санының қалыптасуынан көрінеді.
5.Әрбір буын басқарушысы мен лауазымды адамның правосының, міндеті мен жауапкершілігінің сәйкес келу принципі.Тек осындай сәйкестік қана қолайлы шешімді қабыдауға және жүзеге асыруға нақты жағдай жасайды.
6.Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық құрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерінің ең аз шығынымен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу қасиеті болуы тиіс.
Жоғарыда аталған принциптермен қоса, басқару құрлымын жасау ішкі және сыртқы факторлар да ықпал етеді. Сонымен, өндірістік басқарудың ұйымдық құрлымы басқарудың барлық обьективті қажетті қызметтеріне орындауды қамтамасыз етуі, кәсіпорынның немесе бірлестіктің өндірістік құрлымының талаптарына сай келуі, әрі өндіріс жағдайының өзгеруіне сәйкес даму мүмкіндігінің болуы; басқару сатысының ең аз, бірақ жеткілікті саны болуы, жеке қызметтердің орындалуының белгіленген сатыларға сәйкес келуі, басқару нормасына сай келуі; тиімді ақпарат байланыстарының талаптарына сай келуі, басқару ақпаратының өндірістік ұйым мақсатты құрлымының еңбек бөлінісі мен кооперациясына барынша сәйкес келуін қамтамасыз етуі; талдау бағалау және болжаудау қызметтерінің нығаюын қамтамасыз етуі; басқарудың жоғары сенімділігін оперативтілігін (тез орындаушылығын), сапасын, үнемділігін, тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
4 сұрақ. Өндірісті басқару құрлымының түрлері
Ұйымдық жүйелердің тиімді құрылымы тұтастай және басқару жүйелері жекелей тиімді басқару үшін қажетті жағдай болып саналады. Құрылым ұйымдағы байланыстырушы буын болып саналады, жоспарлаудың нышандары мен ұйымдастырылуына жұмысты бөлу және оны үйлестіру әдістер ықпал етеді, әрбір басқару звеносының, әрбір бөлімшенің өз жұмысын қалай істейтіндігін өлшеуге(салыстыруға) мүмкіндік береді. Құрылым белгілі бір дәрежеде басқару технологиясын да алдын ала айқындайды, ақпарат айналымының жолына және басқаруда техникаларда пайдалану әдістеріне ықпал етеді, кадрларды іріктеу мен орналастыру жөнінде міндеттер қояды.
Сонымен, басқару жүйесінің құрылымы кез келген саладағы кызметте басқаруды тиімді ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты.Құрылымыдағы қателік басшылар жұмысы немесе басқару процесін жүзуге асыруды қиындатып қана қоймай, зертеушілердің, конструкторлардың, өндірушілердің еңбегін кемітеді, экономикалық шығынға, жұмыс шығынына ұшыратады. Мұның өзі тек басқару жүйесі ғана емес, бүкіл ұйымдық жүйесінің құрылымының қолайлы етуге тырысу, сүйтіп басқадай тең жағдайда қойылған мақсатқа жету үшін ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамассыз ету қажет.
Кезінде Г.Эммерсон жүйе құрлымын тиімді ұйымдастыруды қолдануды маңыздылығын атап көрсеткен болатын. «Мүлтіксіз ұйымдастыру жағдайында – деп жазды ол, - тіпті нашар басшының өзі шамалы ғана зиян шегеді. Алайда ұйымдастыруға сүйенетін нашар басшы міндетті түрде сүрінеді әр өзіне бағыныштыларды да сорлатады».
Басқару мәселесі жөніндегі американдық кеңесшілердің, олардың практикасында жұмыстың 75% - ы кәсіпорынды басқару құрылысында сондағы кемістігі жоюға кететіндігін атап көрсетеді. Басқару жүйесінің құрылымын зерттеудің едәуір күрделі болатын себебі практикада оның ресми және бейресми жақтары болады.Ресми деп басқарудың жоғарғы органдарының тиісті нұсқауларымен, бұйрықтарымен, жарлықтарымен белгілентін құрылымды айтады. Оның негізгі праволық нормалар.Ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің өзара қарым қатынас, бірлігі, олардың көзқарастарындағы айырмашылығы, жеке сапалары мен бейімділігі т.б. бойынша қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет