Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтар



бет21/30
Дата06.03.2023
өлшемі114,61 Kb.
#71999
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
дәрістің мазмұны

Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтар:

  1. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы.

  2. Қазақ халқының эстетикалық және парасатты санасы.

  3. Қазақ мемлекеттінің қалыптасу кезіндегі философия.

  4. Асан-қайғы жырлаған «жерұйық идеясы».

  5. "Зар-заман" дәуірінің ақындары шығармаларындағы әлеуметтік мәселелер.

  6. Қазақ Ағартушылығының философиясы.

  7. Абай философиясындағы саяси әлеуметтік мәселелердің қаралуы.

  8. ХХ ғ. бастапқы кезеңінің қайраткерлері - Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыровтың әлеуметтік-философиялық көзқарастары.

  9. Кеңес дәуiрiнде диалектикалық логика саласының дамуы.

1

№11-12
дәріс

Өнер философиясы

Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель). Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин). Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг). XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер). Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.


Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері. Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қ.Нұрланова: «Адам - Әлем біртұтас» концепциясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені

Көптеген филосолфиялық ілімдерде өткен мен бүгінгі күнде де болмыс категориясы орталық орын алады. Философияға бұл терминді алғашқы болып философ Парменид (б.з.д. У-ІУ ғ.) енгізді. Болмыс философиялық категория, ол дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейді. Болмыстың негізгі формаларына жататындар:


1) заттар болмысы; 2) адам болмысы; 3) қоғам болмысы; 4) рухани болмыс. Басқаша айтқанда, болмыс категориясы материалдықты және руханиды қамтиды. Бұл категория, барлық реалдықтың түрлерін жинақтайтындықтан мазмұны жағынан ең кең деп саналады. Болмыстың әр формасы айрықша өзінің заңдарымен дамып отырады. Олардың барлығының шекті негізі, субстанциясы ретінде материя саналады.
Материя философиядағы ең бір фундаменталдық ұғым. Әрбір тарихи дәуірде материя ұғымы дүние туралы ғылыми білімнің деңгейімен анықталады. Алғашқы материя туралы ұғым ежелгі заманда-ақ пайда болды. Күнделікті тәжрибеге және бақылауға сүйеніп, ежелгі заман материалистері, бізді қоршап түрған дүниедегі бүкіл құбылыстардың ең алғашқы негізі, яғни субстанциясы бар деп санады. Ежелгі гректер сондай субстанция ретінде су (Фалес), ауа (Анаксиман), от (Гераклит) т.б. деді.
Сонымен, категория субстанциясы өзі өмір сүретінін әртүрлі оқиғалардың, құбылыстардың, нақты заттардың ішкі бірлігін белгілейді. Субстанцияның түсіну әртүрлі болуы мүмкін: оны материямен рух мәнінде де ойлауға болады. Философиялық бағыттардағы дүниенің бірлігін бір субстанция деп санау монизм, екі субстанция деу дуализм, коп субстанция -плюрализм деп аталады.
ХVII-ХVIII ғғ. материяға көзқараста атомдық түсінік көбірек орын алды. Материяны затпен теңестіріп, оларға мызғымастылық, бөленбеушілік, тұрақты массалық қасиеттері қосылды.
Қозғалыстың әмбебептығы туралы ой қытай, үнді, грек ойшылдарында өте ертеде пайда болды. Ежелгі грек философтары (Милет мектебі, Гераклит, Демокрит, Эпикур) қозғалысты бастапқа қасиет деп қарады. Қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі ұғымы Гольбах және басқа философтармен 18 ғасырда қалыптасты.
Қозғалыстағы материя тек кеңістікпен уақытта ғана өмір сүре алады. Кеңістік пен уақыт - материяның болмасының жалпы формасы, оның ең маңызды атрибуттары. Кеңістік пен уақыт өздігінен, материядан тыс және тәуелсіз өмір сүре алмайтыны сияқты, дүниеде кеңістік пен уақыт қасиетіне ие болмайтын материяның объектілері жоқ.
Кеңістік - материя болмысының формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзындығы, құрылымен бірге өмір сүруі мен элементтерінің өзара әрекетін сипаттайды.
Уақыт - материя болмысының формасы, барлық материалдық жүйелердің өмір сүруінің ұзақтығы, даму мен бір бірімен тығыз байланыста, олардың бірлігі материяның қозғалысы мен дамуында көрінеді.
А.Энштейннің арнаулы салыстырмалы теориясы, кеңістік пен уақыттың нақты қасиеті материалдық объектілердің ерекшелігімен, олардың қозғалыс пен өзара әрекетіне тәуелдігін анықтайды.
Кеңістік пен уақыттағы дененің қасиеті қозғалыстың жылдамдығына байланысты. Мысалы, дененің қозғалыс жылдамдығының жарық жылдамдығына жақындауы, жылжу бағытындағы өлшемдерді қысқартады, ал уақыттың өтуі бәсеңдейді.
Кеңістік пен уақыт қасиеті алуан түрлі, қазіргі заман ғылымы олар туралы біздің ұғымымызды кеңейтті және тереңдетеді. Бірақ ғылымның мәліметтері кеңістік пен уақыттың объектілігін қозғалушы материямен тығыз байланыстылығын жоққа шығармайды, керісінше, олардың ақиқат екенін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет