Жас ерекшелiк психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
Арнаулы психология -бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
Еңбек психологиясы –адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады.
Еңбек психологиясының маќсаты – әр түрлі еңбектегі мамандыќ ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының ќалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, ќұрал – аспаптардың ќұрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің ќажетті заттарын ќарастыру. Бұл салалардың єрќайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бір-бірімен – байланысты болып келетін мынадай тармаќтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басќару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “эргон” – жұмыс жєне “номос” – заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында ќатынас орнатудың түйінді мєселелері болып саналатын еңбек єрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялыќ ерекшеліктері, жүйке жүйесінің ќызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі, техникалыќ ќұрал – жабдыќтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына ќатысты мәселелер ќарастырылып, олардың сыр – сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, “адам – машина – орта жағдайын” ќарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нєтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп ќояды.